astana-view

Бақытжан Сағынтаев «Маңғыстау» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты

2018 жылғы 08 Маусым
4693 просмотров

Премьер-Министрге Маңғыстау облысында бизнесмендерге «бір терез» режимі бойынша қандай қолдау көрсетілетіні жайында хабарланды

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысы Бақытжан Сағынтаевтың өңірге барған жұмыс сапары кезінде таныстырылды деп хабарлайды primeminister.kz

Бүгінде «Маңғыстау» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы толық форматта жұмыс істеп тұр. Мұнда сервистік және консалтингтік қызметтен бөлек «Бизнес мектеп» құрауышы бойынша оқыту жүргізіледі, бизнес жобалар сүйемелденеді. Коммерциялық нысандарды инженерлік желілерге қосу бойынша өтінімдерді цифрлық форматта беру реттелген.  

 Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында түрлі 14 мемлекеттік орган мамандары, қаржы институттары мен басқа мекемелердің қызметкерлері  шоғырланған (Прокурор кабинеті, «Қазақинвест» АҚ, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК, Халықты жұмыспен қамту орталығы, «Жаңа серпін» МҚМ, «АгроРост» қауымдастығы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроКепілдік» АҚ, «Атамекен» шағын несиелеу ұйымы», «МАЭК КазАтомПром» ЖШС, «МРЭК» АҚ, «АУЭС» МҚМ, «ҚазТрансГазАймақ») АҚ). Бұл ұйымдардың қызметі ШОБ субъектілері мүддесі мен құқығын қорғау және дамытуға бағытталған.

 Орталықта «Бастау» жобасы бойынша оқыту жүргізіледі. Екі жыл бұрын Маңығстау облысында «Бастаудың»  пилоттық жобасы сыналған болатын. 2017 жылы өңір бойынша «Бастау» жобасымен 930 бастауыш кәсіпкер оқыды. Қатысушылар жалпы сомасы 490,0 млн теңге құрайтын қаржыландыру алды. Жобалардың басым бөлігі – 290,0 млн теңге құрайтын 90 жоба жергілікті әкімдік қолдауымен құрылған «Атамекен» шағын несиелеу ұйымы арқылы қаржыландырылған. 2018 жылыдң 5 айы ішінде кәсіпкерлік негіздерін жұмыссыз әрі өзін-өзі жүмасыпен қамтыған  292 адам оқыды.

 Облыста «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанында 2 КҚКО жұмыс істейді: Ақтау және Жаңаөзен қалаларында, сонымен қатар облыстың барлық аудандарында КҚКО қызметкерлері бар. 2017 жылы барлығы 22 мыңға жуық қызмет көрсетілген, осы жылдың 5 айында — 9 мыңнан астам қызмет ұсынылған. Палатаның сүйемелдеуімен жалпы сомасы 8,3 млрд теңге құрайтын 1 142 бизнес жоба жүзеге асты.  

(фото: www.primeminister.kz және www.atameken.kz)

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер