astana-view

Мемлекеттік қызмет түрлері кәсіпкерлерге «бір терезе» арқылы ұсынылады

2018 жылғы 12 Маусым
2533 просмотров

Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ШОБ цифрландыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz

 «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев цифрландырудың мүмкіндіктерін жаппай пайдалануды қамтамасыз ету үшін қалалар мен аудан орталықтарында құрылған кәсіпкерлерге қызмет көрсететін барлық орталықтардың жұмысын цифрландыру ұсынылатынын айтты.

«Қалалардағы барлық 25 Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен аудан орталықтары мен моноқалалардағы 189 Қолдау орталықтарында өзіне-өзі қызмет көрсету зоналары құрылатын болады, онда консультанттардың көмегімен интернетке тікелей шығуға мүмкіндігі жоқ кәсіпкерлер санаты үшін электронды мемлекеттік қызметтер мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар болады», — деді Басқарма мүшесі.

ҰКП басшысы сонымен қатар әсіресе, ауылдық жерлерде қызметін жүргізетін кәсіпкерлердің құзыреттілігін көтеру үшін биылдан бастап цифрлық сауаттылықты арттыруға оқыту бағдарламасы іске қосылатынын айтты. Жыл сайын оқытумен 15 мыңнан астам кәсіпкер қамтылатын болады, бүгінгі таңда бұл бағдарлама бойынша 7 мыңнан астам адам оқытылды. 

Сонымен қатар, биылғы жылдың екінші жарты жылдығынан бастап пилоттық режимде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Астана және Алматы қалаларындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының жұмысын толық электронды форматқа көшіруді жоспарлап отыр.

«Автоматтандыру бизнеске қаржылық емес қолдау көрсетуге бөлінетін бюджетті қысқартуға, қамту бөлігін ұлғайтуға, құжаттар айналымын төмендетуге, консультанттар санын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар биылдың өзінде мемлекеттік қолдауды көрсету уақыты мен талап етілетін құжаттар санын 50%-ға, бизнесті тексеруді 30%-ға қысқартуға мүмкіндік береді, бұл бизнестің шығындарын 2022 жылға қарай 8,4 млрд қысқартады», — деді Элдар Жұмағазиев.

Сөз соңында ҰКП өкілі ШОБ үшін Ашық платформаның мүмкіндіктерін іске асыру және жыл сайын оқыту 300 мыңнан астам кәсіпкердің жұмысын цифрландыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер