astana-view

Мемлекет басшысының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына арнаған үндеуі жарияланды

2018 жылғы 21 Маусым
5014 просмотров

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Атамекен» ҚР ҰКП Съезінің қатысушыларына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуін оқыды

ҚР Президентінің үндеуінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылғанына биыл 5 жыл толғаны жайында атап өтілген.

«Палата мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасында дәнеркер ретінде қызмет атқарды. Кәсіпкерлік – экономиканың нағыз локомативі әрі қозғаушы күші. Іскерлік белсенділікті арттыру Қазақстан үшін айрықша зор мәнге ие. Біз осы бағытта айтарлықтай жетістікке жеттік» ­– деп жазылған Елбасы үндеуінде.

Мемлекет басшысы Қазақстан «Doing Business» рейтингінде соңғы 10 жылда 64-орыннан 36-орынға дейін көтерілген атап өтті. Жалпы ішкі өнім 4%-ға артқан, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен жоғары. Құрылымдық және институционалдық реформалар жүзеге асырылып келеді.

«Инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жүйелі жұмыс атқарылып келеді. Жаңа Салық және Кеден кодекстері күшіне енді, кәсіпкерлікті реттеу мәселелеріне қатысты заңнамалық түзетулер топтамасы қабылданды. Онда бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстары мен ұсынымдары барынша ескерілген. Отандық бизнесмендер мен «Атамекен» ҚР ҰКП осы маңызды процеске белсенді қатысуы керек, – деп атап өтті Мемлекет басшысы үндеуінде. –  Бүгінде стратегиялық мақсат – Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына енуі. Бұл еліміздің жалпы ішкі өнімінде шағын және орта бизнес үлесінің артуын бағамдайды. Мұнымен қоса, 4-өнеркәсіптік революция талабында біз экономиканың жедел жаңғыруын, жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізуге бағыт алдық. Әлеуметтік бастамаларда шағын несиелеу артып келеді және «Бастау» жобасы сынды маңызды бастамалар жүзеге асырылып отыр. Осы жылдың өзінде кәсіпкерлік негіздеріне 160 аудан мен 40 шағын қаланы қамтып, 30 мың ауыл тұрғынын оқыту қарастырылған. Алға қойылған барлық мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет пен «Атамекеннің» жүйелі күш салуы талап етіледі».

 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өзін қазақстандық бизнес-қоғамдастықтың шоғырлануының базалық негізі ретінде дәлелдеді. Ұйым еліміздің дамуындағы стратегиялық реформаларды жүзеге асырудың тиімді механизмі. Бұл ТМД-дағы отандық кәсіпкерлердің барлығын біріктіретін және заңнамамен бекітілген ауқымды функция мен уәкілеттікке ие жалғыз құрылым. Бұл Съезд «Атамекеннің» бес жылдық жұмысын қорытындылауға арналған айтулы оқиғаға айналатынына сенімдімін» – деп тұжырымдалған Елбасы үндеуінде. 

Сурет: www.akorda.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер