astana-view

Қарағанды кәсіпкерлері салық мәселесіне алаңдаулы

2018 жылғы 26 Маусым
- Қарағанды облысы
6304 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының алаңында өңір кәсіпкерлері, кәсіпорындардың бухгалтерлері мен Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері бас қосты.

Кездесуде Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Геннадий Жмуктың төрағалығымен салық салу және кеден әкімшілігі саласында түйткілді мәселелер талқыланып, салық заңнамасындағы жаңашылдықтар туралы айтылды.

«Іс-шара мақсаты – шағын және орта бизнеске қолдау көрсете отырып, кәсіпкерлерге салық және кеден кодекстеріндегі жаңашылдықтарды түсіндіру, мемлекеттік органдар мен бизнес арасында диалог алаңын қалыптастыру және ақпарат алуға жағдай жасау», – деп атап өтті Геннадий Жмук.

Іс-шарада Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қайрат Орқашбаев пен басқарма мамандары салық және кеден кодекстеріндегі жаңалықтарды таныстырып, түсіндіріп өтті. Атап айтқанда шағын және орта бизнесті дамыту үшін ерікті түрде бір жылдағы шектік табыс 12 260 – ең төменді еңбекақы, жалданатын адам саны 50-ден аспайтын бекітілген кеміту негізінде жаңа балама режимінің енгізілуі туралы айтылды. Сонымен қатар заңды тұлға және жеке кәсіпкерлікке бөлмей жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолдау шартындағы өзгерістер түсіндірілді.

«Адалдық қағидаты енгізілді: Салық кодексіндегі барлық түсініксіз және нақты емес қырлары кәсіпкерлердің пайдасына түсіндіріледі. 2020 жылдан бастап шағын және орта бизнесің талап арызын беру мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін қысқартылды, ал басқалары үшін 5 жыл күйінде қалады. Егер кәсіпкер салық органының түсіндіруімен әрекет етсе, соңында оның позициясы өзгерсе, айыппұл мен өсімпұлды жою нормасы енгізілді. Жоспардан тыс салық тексерудері бекіту негізі азайтылады. 2020 жылдан бастап салық заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу салық салу мәселелері бойынша бір ғана заңмен жасалады», – деп түсіндірді Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

Мұнымен қоса кәсіпкерлерге электронды шот-фактураларын заңға сәйкес толтыру мен шығару тәртібін бұзғандағы жауапкершілік түсіндірілді.

Сонымен қатар кеден заңнамасының нормалары түсіндірілді. Декларациялау және бақылау уақытының 24 сағатта 4 сағатқа дейін қысқаруы және бақылау жұмыстарының мерзімі 10 күннен 5 күнге дейін азайтылуы жайында айтылды.

Қатысушылар салық әкімішіліктендіру мәселесін көтеріп, келешектегі әлеуетпен танысты, талқылау барысында департамент мамандары сауалдарға жауап беріп, басқа да түйткілдер бойынша ұсыныстарды жолдауға шешім қабылдады.

«Жиында көтерілген мәселелелер өзекті, талқылау арқылы салық төлеушілерге заңнамада бекітілген міндеттемелерді уақытында және толық орындауға мүмкіндік береді», – деп тұжырымдады Геннадий Жмук.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер