astana-view

«Qazmai» Шанхайдағы халықараралық 2-конференцияға қатысты

2018 жылғы 29 Маусым
2873 просмотров

Шанхайда өтетін  Sunflower Oil&Meal Trade Conference халықаралық 2-конференцияға Қазақстаннан «Qazmai» барды

27 маусымда Шанхайда Қазақстанның май шығаратын 10 зауыты конференция жұмысына «Qazmai» ортақ брендімен қатысты.

«Qazmai» ұлттық стендінде өнімдерін қойған компаниялар қатары:

  •  «Востоксельхозпродукт» ЖШС
  •  «GrainPool» ЖШС
  •  «Евразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ
  •  «Теректi май комбинаты» ЖШС
  •  «Жаркөл-007» ЖШС
  •  «Бота-2015» ЖШС
  •  «K-Oil» ЖШС
  •  «Kaz-IrAgro» (Каз-Ир Агро) ЖШС
  •  «Масло-Дел» ЖШС
  •  «Қаржау» ШҚ

Конференцияға 16 елдің қатысушылары өтінім берген.

Бүгінде Қытай май импорттаудан Үндістеннан кейінгі екінші орында тұрған мемлекет. Конференцияға қатысқандардың әрқайсына «Qazmai» арнайы белгісі беріліп, Қазақстанның май дақылдарын қайта өңдейтін кәсіпорындарының каталогы ұсынылды. «Qazmai» ортақ брендін «Қазақстан май-тоң май одағы» қауымдастығы» ЗТБ прендиенті Констани Невзоров таныстырды.

Қытайлық серіктестермен алдын-ала келіссөздер жүргізілді. Қазақстан май зауыттарының көбінде өнімдерін ілгерілететін Қытайда өңілдіктері бар.

Конференция жұмысына қатысып қана қоймай, Қытайдың май дақылын өңдейтін зауытымен танысты. Өсімдік майын тазартатын Wilmar зауыты Шанхай қаласында орналасқан.

Сонымен қатар, 28 маусымда Янчжоу қаласында Myande Engineering Center бару жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер