astana-view

Еуропалық одақтың сарапшылары салалық біліктілік комиссиялары жұмысының тәжірибелік қырлары жайлы баяндайды

2018 жылғы 03 Шілде
2767 просмотров

«Атамекенде» Біліктіліктің секторлық шеңбері және салалық кеңестер» вебинары өтеді

4 шілдеде «Атамекенде» Салалық біліктілік аясы мен кәсіби стандарттарды дайындау шеңберінде Салалық біліктілік кеңестері/комиссиялары жұмысының тәжірибелік қырлары туралы вебинар өтеді.

Вебинар – Рига бірлескен коммюнике мен Астана декларациясы аясындағы келісімді жүзеге асыру бойынша ұйымдастырылатын іс-шаралардың бірі. Ол 2017 жылы маусым айында Орта Азия мен Еуропалық одақ елдері білім министрлерінің жиналысында мақұлданған.

Біліктіліктің ұлттық және салалық шеңбері, сондай-ақ «Салалық кеңестер/комиссиялардың» рөлі Қазақстан тарапынан да қатысқан Орта Азия білім беру платформасы бағдарламасының түрлі іс-шараларында  тақырып ретінде көтерілген. Мұндай іс-шара 2016 жылы маусымда Ригадағы (Латвия) өңірлік конференция барысында өткізілді, сондай-ақ Стамбулда (Түркия), Бішкекте (Қырғызстан) және қайтадан Ригада (Латвия) 2017 жылы Ұлттық біліктілік шеңберінде өзара оқыту мәселелері аясында өтті.

Дегенмен, Салалық кеңестер/комиссиялар қызметінің тиімділігін әрдайым арттыру және олардың әсерін күшейту қажеттілігі әлі де жоғары. Мұнымен қоса, Қазақстанда салалық кеңестер/комиссиялар туралы мәселе айрықша маңызды әрі өзекті сипатта.

Вебинар мақсаты – «Салалық кеңестер/комиссиялар»жұмысының тиімділігін арттыру бойынша өзекті түйткілдірді, мәселелер мен шешу жолдарын талқылау.

Талқылауға Еуропалық одақ сарапшылары мен Еуропалық одақтағы, атап айтқанда Латвия, Польша, Руминиядағы осыған ұқсас кеңестердің өкілдері қатысады.

Вебинарға қатысты қосымша ақпаратты Орта Азия білім беру платформасы бағдарламасының жетекшісі Кристина Вагнерден christian.wagner@proqualityconsult.de электронды почтасы арқылы алуға болады.

Іс-шараға қатысу туралы ақпаратты d.zhumatayev@atameken.kz, christian.wagner@proqualityconsult.de, сондай-ақ tomadina@mail.ru  электронды почталарына жолдауды сұраймыз.

Өтетін күні мен орны:

Астана қаласы, 4 шілде 2018 жыл, сағат – 15:00, Д.Қонаев көшесі, 8, «Зүбәржат орамы» БО, «Алтай» залы, 25-қабат

Алматы қаласы, 4 шілде 2018 жыл, сағат – 15:00, Жібек жолы даңғылы, 50, «Жібек жолы» БО, 8-қабат

«Атамекен» ҚР ҰКП Қоғаммен байланыс департаменті: +7 (7172) 91 93 67, pr@atameken.kz

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер