astana-view

«Атамекенге – 5 жыл»: 2013 жылы 4 шілдеде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы заң қабылданды

2018 жылғы 04 Шілде
6341 просмотров

Бүгін «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңның қабылданғаны 5 жыл толды

«Бүгінде мемлекет бизнес үшін қолайлы ортаны қалыптастырды. Бұған жеңілдетілген қаржы, салық артықшылығы, шығынды өтеу, ұзақ мерзімді тапсырыс пен реттелетін сатып алудағы басымдық кіреді», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов «Атамекен» ҚР ҰКП V Съезінде.

«Атамекен» ҚР ҰКП V Съезінде алдағы 5 жылға арналған стратегиялық міндеттер таныстырылды.

«Атамекен» бизнеске өндірісті жергіліктендіру және жаңғырту, жаңа өндірісті игеру, жұмыс орнының санын арттыру, экспорт көлемін ұлғайту және салық аударымдарын кезең-кезеңімен өсіру міндеттемесін бекітуді ұсынды.

Бұл ұсыныс «Атамекеннің» таяу 5 жылға арналған жаңа стратегиясына кіреді. Оған Ұлттық палата белсенді жұмыс атқарып отырған 10 басым міндет жатады.

Стратегияға бизнестің құқығын қорғау, бизнес-ортаны жақсарту, қол жетерлік несие беру, бизнестің бәсекелік қабілетін немесе индустриализациядағы жаңа тәсілдерді арттыру, адами капиталды дамыту, жаппай кәсіпкерлік енді.

«Атамекен» шағын және орта бизнесті саралауға болады деп есептейді. Бұл дегеніміз – орта бизнес индустриализациядағы жаңа тәсіл бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін болады», –­ деді Абылай Мырзахметов

Басқарма Төрағасы стратегияға сонымен қатар «Бизнеске арналған үкімет», агроөнеркәсіп кешенін дамыту және кәсіпкерлердің өтінішімен тариф саясатын реттеуге қатысты мәселелер енгенін атап өтті.

Абылай Мырзахметов Съезде кәсіпкерлікті дамытудың жүйелі көрінісін және елдің жалпы экономикасын беретін мақсатты экономикалық үлгі бойынша ұысыныстармен таныстырды. Ұсынылған мақсатты экономикалық үлгіге қаржы-несие саясаты аясындағы шаралар, ынталандыратын салық саясатына өту, бюджет шығынының тиімділігін арттыру, мемлекеттік экономикадағы қатысу үлесін азайту, микро- және шағын бизнесті дамыту, индустриализацияның жаңа әдістері енген.

Абылай Мырзахметов бұрынғы стратегияны 2016 жылы «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы бекіткенін еске салды, оның 70%-ы орындалды. Оның қатарында шағын несиелеу, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығы кооперациясын құру, бизнеске арналған үкімет және тағы басқалары бар.

«АТАМЕКЕННІҢ» 5 ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫ

Жалпы алғанда «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнесті қорғау бойынша 23 573 өтінім түскен. Оның ішінде 40%-ы оң шешіліп, нәтижесінде кәсіпкерлердің 111,3 млрд теңгеден астам сомада мүліктік құқығы қорғалды. Бұған алынып тасталған айыппұл, өсімпұл, мемлекеттік органдар қайтарған қаражат, сондай-ақ бизнестің сақталған мүлкінің құны жатады

«Жүйелі негізге Бас Прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Жоғары сотпен атқарылатын жұмыс қойылды. Нәтижесінде құқық қорғау органдарының кәсіпкерлерге жасайтын қысымы азайды. Палата құрылғалы бері 22 мыңнан астам нормативті құқықтық актілерге сараптама жасалды, оның ішінде 434-тен астам заң жобасы. Бизнестің ескерілген ұсынысының пайыздық көрсеткіші артты – 2015 жылғы 30%-ға биыл 73%-ға дейін», – деп хабарлады Абылай Мырзахметов.

«Атамекен» бизнесті қайта реттеу бойынша ауқымды жұмысты атқарды. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру бағдарламасы аясында Ұлттық палата өңдеу өнеркәсібіндегі 1342 кәсіпорынды паспорттауды жүргізді. Нарыққа сараптама жасалып, тауарлар тізімі, 20 млн доллардан асатын иморт көлемі анықталды. Осы тауарлар бойынша Қазақстан аумағында өндірістік қуат бар, бұл импортты алмастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Атамекен» 2016 жылы «Atameken Services» жобасын іске қосты. Инфрақұрылым жасалып, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмысының аясында 76 қызмет автоматтандырылды. Пилоттық online-режимде 18 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Сервисті дамытудың алдағы қадамы «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында «Бизнеске арналған үкімет» жобасын жүзеге асыру болады», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының нәтижелі де тиімді жобаларының бірі – жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын «Бастау» жобасы. Бұл жоба алдымен 2016 жылы пилоттық режимде қолға алынды, келесі жалдан – 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына енгізілді.

2017 жылы «Бастау» жобасымен 15 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат  оқытылды. Оның ішінде 8 мыңнан астамы бизнес-жобаларын қорғады, 3 мыңнан аса азамат бизнесін ашты және ұлғайтты.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өзін қазақстандық бизнес-қоғамдастықтың шоғырлануының базалық негізі ретінде дәлелдеді. Ұйым еліміздің дамуындағы стратегиялық реформаларды жүзеге асырудың тиімді механизмі. Бұл ТМД-дағы отандық кәсіпкерлердің барлығын біріктіретін және заңнамамен бекітілген ауқымды функция мен уәкілеттікке ие жалғыз құрылым. Бұл Съезд «Атамекеннің» 5 жылдық жұмысын қорытындылауға арналған айтулы оқиғаға айналатынына сенімдімін» – деп атап өтті Мемлекет басшысы Съезд делегаттарына арнаған үндеуінде

ШАҒЫН БИЗНЕС МІНДЕТТІ МҮШЕЛІК ЖАРНА ТӨЛЕУДЕН ТАҒЫ 3 ЖЫЛҒА БОСАТЫЛДЫ

Съезде айтылғандай, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылған күннен бастап жарна төлеушілер ірі және орта бизнес өкілдері – 22 мың кәсіпкерлік субъектісі болып табылады. Қалған 980 мың мүше міндетті жарна төлеуден 5 жылға босатылған болатын. Бұл негізінен жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермерлік қожалықтар.  

 2015 жылы міндетті мүшелік жарналар бойынша ережелер қайта қарастырылған болатын. Жарна көлемі азайтылып, сараланды. Жарна төлеуден мүмкіндігі шектлеулі жандарға жұмыс беруші кәсіпорындар толық босатылды. Нәтижесінде жалпы міндеттемелер 2 есе төмендетілген болатын. Алайда осы ретте «Атамекен» мүшелері өзінің кәсіпкерлік қызметі, бизнестегі беделі, жарналық салымына қарамастан құқықтары тең әрі ҰКП қызметтерін тең көлемде пайдалана алады.

Ұлттық палатаның қызметтерін қолданудағы бөлу әрі бақылаудың ашық әрі түсінікті жүйесі бюджетті үнемді әрі толымды пайдалануға мүмкіндік беріп және қазіргі таңда шағын бизнеске қосымша қаржылық  ауыртпалық салудың қажеттілігі жоқ

Шағын бизнес субъектілерін міндетті мүшелік жарна төлеуден 3 жылға босату туралы ұсынысты Съезд қатысушылары толық қолдады.

Мұндай шешім «Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңның 29- бабы 2-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген, республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген және алдағы есептік күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында қолданылатын есептік күнтізбелік жыл үшін жалпы жылдық табысы 60 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты.

ҚАЗАҚСТАН ҮКІМЕТІ МЕН «АТАМЕКЕН» КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының V Съезінде бұл құжатқа ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев және «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев қол қойды.

13 маусым күні «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңға өзгертулер енгізілді, осыған сәйкес ҚР Үкіметі «Атамекен» қатысушылары құрамынан шықты.

Осы ретте Ұлттық палата үшін Үкіметпен ары қарай тиімді қарым-қатынасты жалғастыру маңызды болып отыр, енді өзара әрекеттесудің жаңа формасы Келісім түрінде жүргізілетін болады.

«5 жыл бұрын «Атамекен» қандай болды, қазір қандай. Бес жыл бұрын біз жолдың басында болдық. Сонда Үкімет өз мойнына үлкен жуапкершілікті алды, осыған уақыт аралығында бірігіп көп жұмыс атқарылды. Бізге ұйымдастырушы-әріптестің қолдауы керек болды, өйткені бастапқыда көптеген қауымдастықтар бірлесіп жұмыс істеуден бас тартты, түрлі пікірлер мен қарсылықтар орын алды. Біз «Атамекенмен» жүйелі жұмысты атқардық. (...) Бүгінде «Атамекен» – Үкіметтің тірегі. Енді Ұлттық палатадағы уәкілеттілігімізді тоқтатамыз. «Атамекен» қызметінің жаңа сатысына аяқ басты», – деді Бақытжан Сағынтаев.

ҚР Премьер-Министрінің айуынша, жауырда атқарылатын Үкімет пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қарым-қатынас бойынша ортақ жоспарлары көп. Басымдыққа ие міндеттердің бірі – кәсіпорындарды цифрландыру және кәсіпкерлікке баулу арқылы халықты жұмыспен қамту.

«Өңірлеге жұмыс сапарлармен бару шеңберінде біз студенттермен кездесеміз, жергілікті жерде қандай мамандар дайындалып жатқанын көреміз. Белгілі болғандай, жағдай қуантарлық емес. Сабақ беру бағдараламалары бір, алайда отандық экономика басқа мамандарға зәру. Сәйкессіздікті байқап отырмыз. Не ұстаздар дұрыс сабақ бермейді, не оқу бағдарламалары басқа. Бизнес ретінде Өңірлік кәсіпкерлер палаталары  осы  жұмысқа атсалысуы маңызды және әр өңір бойынша өзгелер бой түзейтін, үлгі алатын оқу орындарды қалыптастыру керек», – деді Бақытжан Сағынтаев.

Премьер-Министр «Атамекен» бастамасымен іске асқан «Бастау» жобасының оң нәтижесін атап өтті. Жоба жеке кәсіп ашқысы келетіндер үшін нақты тірек болды, жобаны Мемлекет басшысы қолдап, шағын несиелеуге қосымша қаражат бөлінді. Осы ретте Бақытжан Сағынтаев бақылау-қадағалау функциялары қысқарып, өзін-өзі реттеу енгізілгендіктен бизнестің жауапкершілігін арттыру қажеттілігі туралы айтты.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев бірлесіп атқарылған жемісті жұмыс үшін Үкімет басшылығына алғыс білдірді.

«Бес жыл бұрын Мемлекет басшысының әріптестік қарым-қатынас орнату мақсатында бизнес пен билік органдары арасында тиімді диалог алаңын құру туралы тапсырмасы айтылған болатын. Бүгінде «Атамекен» Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бойынша тиімді диалог және сараптамалық алаң ретінде қалыптасқаны жайында сеніммен айтуға болады. Біз Парламент және Үкіметпен белсенді жұмыс атқарып келеміз. Елбасының күн сайынғы қолдауы арқасында біз осы байланыста жайлылықты сезінудеміз», – деді Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер