astana-view

Қазақстанда брокерлер рейтингі әзірленеді

2018 жылғы 13 Шілде
5225 просмотров

«Атамекен» алаңында Сауда комитетінің төрағасы Қайрат Мәжібаевтың  жетекшілігімен кеден өкілдерінің ұлттық рейтингін енгізу мәселесі талқыланды.

Қазақстан кеден брокерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Геннадий Шестаковтың айтуынша, аталған рейтингті енгізу сыртқы нарық қызметінде алақол қатысушыларды ысырып тастайды.

 «Бүгінде нарықта заңсыз жұмыс істейтін тұлғалар, сонымен қатар салық міндеттемелері бойынша мәселелері бар адамдар жұмыс істейтіні жасырын емес. Мұндай рейтинг – өзін-өзі реттеуде кезекті саты болып отыр. Біз жұмыс істеп тұрған субектілердің жұмысын заңдастырмақпыз», – деді Геннадий Шестаков.

 Қауымдастық өкілдері үшін рейтингке қатысу тегін болады. Қазақстандық нарық өкілдеріне де қатысу бойынша шектеу жоқ. Аталған құжат екі бөліктен тұрады: заңға бағыныштылық пен шаруашылық қызметтің заң жүзінде жүргізілуі. Өз кезегінде заңға бағыныштылық екі кезеңде жүреді.  Біріншіден, салықтық жүктеудің коэффициенті есептеледі, екіншіден, құқық бұзу рейтингі сараланады.

 «Егер бұзушылық арнайы төлемдер талап етуге байланысты болса, онда рейтингтегі позиция жоғалып, нөлге теңеледі»,Геннадий Шестаков.

Оның айтуынша, уақыт өте келе рейтинг тәуекелдерді басқару жүйесіне қосылып, шаруашылық субъектілерін заңдастыру үшін жағдай жасауы мүмкін. Бұған  Мемлекеттік кірістер комитетінің ынталандыруы ықпал етпек.

 «Ұлттық рейтингтердің жүйесі оның қалыптасуында бизнес атсалысқаны үшін керек. Біздің құрылым осындай рейтингтер жұмысына мұқтаж», – деді Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғосман Әмрин.

Мемлекеттік кірістер комитеті бизнес шығындарын азайту мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын рейтингтің іргетасты қағидатын қалыптастыруды сұрады.  Ғосман Әмриннің пікірінше, аталған рейтинг тараптардың жауапкершілікті келісшартқа әкеледі. Осының аясында Мемлекеттік кірістер комиетті адал кәсіпкерлерді жасыл дәлізге жіберіп, тексерулерді айтарлықтай оңтайландырады, тексерулер бір ретке дейін азайтылуы мүмкін.

 «Қазіргі таңда аталған рейтингтің легитимділік формасын тезірек табу керек. Ол барынша ашық және үнемі жаңартылып тұруы тиіс», – деді  Ғосман Әмрин.

 Қайрат Мәжібаевтың айтуынша кеден өкілдері тарапынан болған тәуекеледер сыбайлас жемқорлыққа жақын. Сауда комитетінің төрағасы жұмыс аясында экспортерлер мен имортерлердің де осындай рейтингін құруды ұсынды.

«Тәуекелдері басқару жүйесі жетілуді талап етеді әрі нарықтың бірнеше субъектілері қатысуынан тұратыны бірнеше рет көтерілген болатын. Сондықтан «Атамекен» жүйенің басқа қатысушыларына да рейтинг дайындауды қарасытыруы керек»,– деді Қайрат Мәжібаев.

Жиын барысында сауда базарларын модернизациялау мәселесі қаралды. Статистика комитетінің деректері бойынша ҚР бойынша 782 базар жұмыс істейді, оның ішінде 525-сі әмбебап. Астана базарлары, тұрғын саны 100 мыңнан астам республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы базарлар жаңғыртылатын  болады. Өз кезегінде Ұлттық палата базарларды паспорттауды қолға алған, нәтижесінде негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша деректер беріледі.

Сауда комитетінің сарапшысы Әділбек Орумбаевтың хабарлауынша аралық паспорттау нәтижесімен ресми статистика бойынша ауытқулар бар.

 «Статистика бойынша барлығы 782 базар, паспорттау бойынша 586 базар бар. Жұмысқа жұмылғандар саны статистика бойынша – 950 мың адам болса, паспорттау деректерінде – 232 мың адам ғана», – деп мәлімдеді сарапшы.

 Осыған орай «Атамекен» күн тәртібіне үш мәселені шығарды:  

  1. Паспорттау аясында базарлардан тағы қандай мәлімет сұрау керек?
  2.  ҚР базарларының келешектегі дамуы қандай?
  3. Базарларды жаңғырту мақсатында мемлекет есебінен субсидия бөлу қаншалықты дұрыс?

 Осы қойылған сұрақтарға Солтүстік Қазақстан базарларының өкілдері өз ұсыныстарын білдірді. Бірінші сұрақ бойынша базарлардан нысан төлқұжаты, мүкәммал есебін сұрату ұсынылды. Сонымен қатар бизнес өкілдері жаңа сауда павильондары құрылысы жыл сайын талқыланатынын айтты.

 «Жаңа базараларды салу керек, өйткені нарық ол қажеттілік қана емес, халықтың менталитеті де. Солтүстік Қазақстан базарларында сатушылар мен меншік иелері арасында келісімшарттар жасалған, бізде әр жеке кәсіпкерлік жайында ақпаратымыз бар. Жаңа базарлар құрылысын  «Даму» қорының мөлшерлемелерін төмендету бойынша субсидиялау арқылы жүзеге асыру - нарықтық сауданы дамытудың келешектігі», – деді бизнесмендер.

 Жалпы Қайрат Мәжібаев жүргізіліп жатқан паспорттау жұмысына оң баға берді. Осылайша Ұлттық палата мемлекеттік органдармен бірлесіп, Алматы қаласының 57  базарына тексеру жүргізді. Тексеру барысында кәсіпкерлер резидент емес сатушыларға паспорттау жүргізу жөнінде «Атамекенге» жиі жүгінетіні анықталды.

 «Бірінші кезекте ұлттық кәсіпкерлер мүддесін қорғаймыз. Паспорттау мәселені анықтап, шетел сатушылар санының өсу қарқынын көрсетті, олдар өз алдына Алматы нарықтарының 80%-ын алып отыр», – деді Қайрат Мәжібаев.

Жиын соңында Қауымдастық мүшелерінен міндетті түрде мүшелік жарналардан түскен соманың 30% мөлшерінде комиссиялық сыйақы төленіп, сауда саласында ҚР «Атамекен» ҰКП функцияларына қауымдастықтарды тарту туралы келісімге қол қойылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер