astana-view

Ақтөбе облысында бизнесті дамытудың жаңа бастамалары ұсынылды

2018 жылғы 13 Шілде
4706 просмотров

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өңір активімен және бизнес-қоғамдастықпен өңірдегі шағын және орта бизнестің жетістігі мен жаңа тетіктерін талқылауға арналған кездесу өткізді

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Абылай Мырзахметов жаппай кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері мен бизнестің өңірді жобалық басқаруға қатысуы жайлы баяндады.

 «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов жаппай кәсіпкерлікті дамытудың және бизнестің өңірдегі жобалық басқаруға қатысуының өзекті мәселелерін қозғады. Ол ЖІӨ-ге ШОБ үлесі 18,3% құрағанын атап өтті. Сонымен қатар, шикізаттық емес сала көрсеткіштерінің 12% артуын ескерумен, өңдеу өнеркәсібі саласындағы бизнесті ірілендіру мәселесін пысықтау көзделіп отыр. Бүгінгі таңда бұл салаларда 52 мыңға жуық ШОБ өкілдері жұмыс істейді.

Жүргізілген паспортизацияның нәтижесіне сәйкес кәсіпорындардағы негізгі мәселелер несиеге қол жеткізу, шығарылған өнімге сұраныс пен оны тасымалдау тарифтерінің қымбаттауы болып отыр. «Атамекен» өңірлік компанияларды мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың сатып алуларына қатысу арқылы импорт алмастыруды өзекті етуді ұсынды.

«Ақтөбеде жергілікті қамту үлесін миониторингілеу жөніндегі комиссия белсенді жұмыс атқарып келеді. Былтыр жергілікті өнімді қолдануға ұсыныс білдіріп, өңірдегі өндірушілермен 18,3 млрд теңгеге келісімшарт жасалды. қазіргі таңда «Атамекен» өңірлік мамандануды анықтау және өңірдегі шағын және орта бизнесті дамытудың жаңа тетігін іздеу үшін скрининг жүргізуге дайын», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

Ұлттық палатаның Басқарма Төрағасы Ақтөбе облысында шағын индустриялық зоналарды құру  мәселесін қарау қажет екнеін атап өтті.

«Түркияның үлгісімен шағын ангарлар салып, инфрақұрылым жүргізіп, кәсіпорындарды орналастыру керек. Осындай жоба Қостанай облысында жүзеге асырылып отыр. Мұнымен қоса ауыл шаруашылығында да әлеуетті жобаларды жүзеге асыруға, жергілікті компаниялармен бірлесіп Шаруаларды қолдау орталықтарын құруға болады.  Біз бұл мәселені бизнес өкілдерімен талқыладық, Өңірлік палата, «Бастау» және Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының күш салуымен жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға қажетті көмек көрсетуге болады», – деп хабарлады Абылай Мырзахметов.

Сонымен қатар Абылай Мырзахметов Ақтөбе облысында қысқа мерзімді оқыту орталықтары арқылы кәсіпорындарға қажетті маман дайындау мәселесіне тоқталды. Мұндай мүмкіндік Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қарастырылған.

Әкім Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, облыста Кәсіпкерлікті қолдау картасы жасалған. Бизнесті жүргізудің оңайлығын арттыру үшін «Кедергісіз бизнес» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Аталған жоба аясында бизнесті тексеруді оңтайландыру және реттеу, сондай-ақ мемлекет тарапынан бизнесті қолдау шараларын күшейту жұмыстары атқарылуда. Биыл 22 млрд теңге көлемінде қаржылай көмек, 40 мың адам — қаржылық емес қолдау көрсетіледі.

«Бизнес–Бастау» бағдарламасы аясында өткен жылдың деңгейінен екі есе көп адамды қамти отырып, 2,2 мың адамды оқытуды жоспарда бар. Сондай-ақ, "Ауылқамқорлық" жобасы іске асырылуда, оның аясында ауыл тұрғындары үшін 500-ден астам кәсіпкер-тәлімгер анықталды. Жобалар аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жаппай кәсіпкерлікті дамыту индикаторлары бойынша 2018 жылға арналған жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуге жол ашады», — деді әкім.

«Бастау» бағдарламасы аясында өткен жылдың деңгейінен екі есе көп адамды қамти отырып, 2,2 мың адамды оқытуды жоспарда бар. Сондай-ақ, «Ауылға қамқорлық» жобасы іске асырылуда, оның аясында ауыл тұрғындары үшін 500-ден астам кәсіпкер-тәлімгер анықталды. Жобалар аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жаппай кәсіпкерлікті дамыту индикаторлары бойынша 2018 жылға арналған жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуге жол ашады», — деді облыс басшысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер