astana-view

Жер мәселесі: Елорда кәсіпкерлері рәсімдеудегі қайшылықтар жайында баяндады

2018 жылғы 25 Шілде
10171 просмотров

«Атамекен» бизнес үшін жер туралы ашық диалогқа бастама жасады

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жыл басынан жер туралы  заңнамаға енгізілген жаңа түзетулерді түсіндіру және жылдар өтсе де шешімін таппай келе жатқан мәселелерді талқылау мақсатында аймақтарға бірнеше іс-сапар жасаған.  

Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мен кәсіпкерлердің бірлескен кездесулері қазірдің өзінде 4 өңірде: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды ​​және Қызылорда облыстарында өткізілді.

Астана – ерекше аймақ, ел ордасы. Жер учаскелеріне құқық беру мәселесі негізгі орында және Елорда кәсіпкерлерінің өтінімін «Атамекен» тыңдап қана қоймай, қабылдап, түсініктеме берді.

«Бас прокуратураның мәліметінше, 3000-нан астам  адам өздеріне тиесілі жерден айырылып қалуы мүмкін. Көпшілігі қазірдің өзінде оларды игере бастады, себебі олар рұқсат беру шығындарын толықтай төлеген. Бұл жағдай әкімдіктер жер телімін аукционсыз қамтамасыз еткендіктен туындады, себебі заң талабы солай. Мемлекеттік қызмет көрсетілу үшін кәсіпкер Халыққа қызмет көсрету орталығына құжат өткізе отырып заң талабына сай қызмет ала алмағаны үшін кінәлі емес», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов.

Бизнес өкілдері жер комиссиясының қызметі оңтайландыру бойынша түзетулер жайында ақпарат алғылары келді. Оған Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев комиссия құрамы кеңейтіліп, жалпы мүшелер санының кемінде 50% қоғамдастық өкілдері болуы керектігін хабарлады.

«Біз жер туралы комиссияның үлгілік ережесін дайындадық, жақын арада министр бұйрығымен қабылданады. Енгізілген жаңалықтың бірі – жер комиссиясының отырыстары енді аудио-, бейне жазбалармен тіркеліп отырады», – деп түсіндірді Ерлан Нысанбаев.

Жиында кәсіпкерлер белсенділік танытып, әрқайсысы пікір білдіріп, сауалдарына жауап алды.

Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы әрбір өтінімді бақылауға алып, дұрыс шешім шығарылғанға дейін жеткізуге міндеттеме алды.

Мысалы, жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда кәсіпкер оның кадастрлық құнын бір уақытта төлей алмау мәселесі көтеріліп, осы төлемді бөліп төлеу туралы ұсынысты қарастыруды өтінді. Министрлік өкілдері кәсіпкерлердің дәлелдерімен келісті. Айталық, «Атамекен» үшінші жыл қатарынан осы мәселені көтеріп отыр, бүгінде бөліп төлеу тәжірибесі Қызылорда мен Қарағандыда қолданылады. Егер құны туралы айтатын босла, мысалы Астанада ауыл шаруашылығына арналған жердің дәрежесін өзгерту үшін (қалаға қосу)  кәсіпкерлер 600 млрд теңгеден астам соманы төлеулері тиіс.

Кәсіпкерлер ҚР Жер кодексінде «Құрылысқа берілген жер учаскесін игеру» мазмұнындағы түсінік жоқ деген мәселені де көтерді.

«Желілерсіз құрылыс жүргізуге болмайды, әкімдіктің түсіндіруіне сүйенсек, желі тек 2021 жылға қарай тартылады, сол уақытқа дейін 3 жыл бойы пайдаланылмаған жер учаскесі тартып алынады. Осындай тығырықта тұрмыз, не істеуге болады?» – деп сауал тастады кәсіпкердің бірі.

Себеп тек заңның жаңашылдығында ғана емес, құқық қолдану тәжірибесінде де орын алып отыр: әрбір өңір ережені «өзінше» түсіндіреді, соның салдарынан кәсіпкер зардап шегеді.

Жиында меншік иелерінің құқықтарын ескерместен егжей-тегжейлі жоспарлауды бекіту мәселесі де қалыс қалмады. Бизнес өкілдерінің бірі жеке меншіктегі жер учаскесі арқылы жол салу жоспарланғанын айтты. Бұл мәселе барлық өңірде бар. Қала құрылысын жоспарлау, өңірді дамытуда көп жағдайда меншік иелерінің құқығы ескерілмейді. Аталған жерді мәжбүрлікпен алып алуға әкеп соғады.

«Атамекен» бизнеске өтемін төлеу немесе басқа жер учаскесін беру жолын қарастыру керек деп есептейді.

«Заңнамалық түзетуді талап ететін жүйелі мәселелерді «Атамекеннің» орталық аппараты шешеді, ал жергілікті жерде әкімдікпен пысықтайтын, кәсіпкерді жеке сүйемелдейтін мәселелерді  шешуді – өңірлік кәсіпкерлер палатасы қолға алады, атап айтқанда, дәл осы Астана қаласында байланыс мәліметтері қашанда ашық, алуға болады», – деп түсіндірді Елдос Рамазанов.

Айта кетейік, «Атамекенде» 1432 нөмірлі бірыңғай байланыс-қызметі бар. Қазақстан бойынша қоңырау соғу тегін, сондай-ақ  www.atameken.kz сайтында өңірлік палаталардың байланыс мәліметтері мен мекен-жайлары көрсетілген.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер