astana-view

Қандай бизнес тиімді болатынын скрининг көрсетеді

2018 жылғы 25 Шілде
- Ақтөбе облысы
11288 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП әр өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін егжей-тегжейлі зерттеуді ұсынады.

Республика бойынша скринингтің пилотты жобасын Ақтөбе облысынан бастайтын болады. Бүгін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасынының Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев бір топ маманмен скрининг (бизнеске арналған маркетинг) жобасын таныстыру мақсатында өңірге келді. Жиын өңір әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов, облыстағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен мемлекеттік органдар қатысуымен облыс әкімдігінде өтті. Аудан әкімдіктері жиынға бейнеконференция режимі арқылы қатысты.

 Скрининг нәтижесінде зерттеу тобы өңірде бизнес-жобаларды құру үшін қосымша мүмкіндіктерді тауып, мәселелі жайттарды анықтайды. Сауалнама облыстың әр аудан, ауылдағы үй-үйді аралау формасында жүргізілмек. Сауалнама тұрғындар қажеттіліктерін анықтайды. Сауалнама 29 сауалдан тұрады.

 «Сауалнама нәтижесінде алынған ақпарат негізінде нақты мамандануды қарастыратын өңірлік дамудың картасы әзірленді. Карта өңірдің аграрлық, өңдеу өнеркәсібі және басқа салалардың өсу нүктелерін, сондай-ақ олардағы қажеттіліктерді көрсететін болады. Осылайша қандай жобаларды коммерциялық банктер арқылы республикалық бюджет есебінен, қандай жобаларды өңірлік ресурс есебі арқылы құрып, қолдау керек екенін көре аламыз», – деді Эльдар Жұмағазиев.

 Аталған скрининг жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың шынайы санын анықтап қана қоймай, сонымен қатар өңірдің көші-қондық әлеуеті және жаңа жаңа жұмыс орындарымен белгілі бизнес-жобаларды құрудың нақты қажеттіліктері табуға ықпал етпек.

 Жобаны таныстыру барысында жергілікті жерде сараптамалық топ жұмысының ашықтығы мен жауапкершілігі нақты және объективті ақпарат жинауға және өңірдің шынайы келбетін қалыптастыруға мүмкіндік беретіні бірнеше рет айтылды. Нәтижесінде скрининг аймақтың нақты қажеттіліктерін ескере отырып, жол картасын түзетуге мүмкіндік береді.

«Тұрғындардың шынайы қажеттілігін білген соң жергілікті атқарушы органдар елді мекендер деңгейінде мемлекеттік бағдарламаның тиімді шараларын қалыптастырып, жүзеге асыра алады», – деді Эльдар Жұмағазиев.

 Скринг мынадай нәтиже береді:  

  • Бизнеске арналған жаңа бағыттар;
  • Бизнес обектілерінің орналасуы (қайда және не ашу керек);
  • Импортты алмастыруға арналған нақты бағыттар және т.б.

«Өңіріміз скрининг бойынша жұмысты сапалы бастауға дайын. ERG-ға келетін болсақ, біз Хромтауда моноқала базасында скрининг бойынша жұмысты бастап кеттік. Және біз осы ортақ жұмыс аясында бірден бір мезгілде атқарғымыз келеді. Екіншіден, ауыл шаруашылығын басқару желісі бойынша жұмыстар басталды, үшіншіден, Ақтөбе қаласы геопортал бойынша жұмысты бастауға дайын. Сондықтан бүгін айтылған идеялардың барлығы заманауи әрі қажетті. Төртіншіден, маңыздысы – аудан әкімдері скрининг бойынша есеп тапсыратын болады. Бұл мәселе облыс әкімінің ерекше бақылауында, өйткені біз осы жобада еліміздің скринингін жүзеге асыруға бірінші рет қатысып отырмыз. Осы сринингке мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру механизмдерін одан әрі жетілдіруге және облысымыздың жекелеген ауданы мен ауылын дамыту тікелей байланысты», – деді әкім орынбасары Қайрат Бекенов.

Жиын нәтижесі бойынша әкім орынбасары Қайрат Бекенов жергілікті атқарушы органдар өкілдеріне, Ақтау қаласы және аудан әкімдеріне мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік қолдау шараларын, шағын және орта бизнесті дамытуға, маркетингтік зерттеулер бойынша жұмысты күшейтуге, аудан, қала немесе қаланың әлеуетін талдау үшін жұмысты күшейту бойынша бірқатар тапсырмаларды берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер