astana-view

Бухгалтерлер клубы: заңнамалық актілердегі соңғы өзгерістер жайында

2018 жылғы 26 Шілде
- Қарағанды облысы
6487 просмотров

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Бухгалтерлер клубы ҚР кейбір заңнамалық актілері мен «Қазақстан Республикасында зейнеткеркелікпен қамтамасыз ету туралы» заңындағы азаматтық-құқықтық сипаттаға келісімшарт мәселелері жөніндегі өзгертулер мен толықтыруларға арналған семинар өтті.

Бұл мәселеге қатысты мәліметті «БЗЖҚ» АҚ бөлім басшысы Жоламан Қабасов пен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Қарағандыдағы филиалының директоры Сариф Хасанова  берді.

Зейнетақы жинақтау қорының өкілі Жоламан Қабасов зейнетақы жарнасын тұрақту аудару және уақытылы хабарлау, тұрғындарға заңнама актілеріндеі өзгертулер туралы ақпарат беру жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.

Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржылық жылға адвокат, жеке сот орындаушылары, нотариус, кәсіпкер, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс табатын жеке тұлғалар бірыңғай зейнетақы жинақтау қорына әр ай сайын төлем көлесі табыстың 10%, бірақ ең төменгі жалақының 10% кем емес, еңбекақының ең төменші көлемінің 75 есе көлеміндегі еңбекақының 10% аспайтын аударым мінтетті деп көрсетілген.

Дәл осы тармаққа қатысты сауал көп туындады. Қор өкілі Жоламан Қабасов өзгерістер оң әсер беретінін атап өтті.

«Бұрын аталған азаматтар зейнетақы аударымын жүргізуге құқылы еді, енді міндетті тәртіпті жүргізеді. Келісімшарт бойынша жұмыс істейтіндерге зейнетақы аударылмайтын. Бұл қартайған шақта зейнетақысыз қалу қаупін тудырады. Жеке тұлға өзі аударым жасау керек. Зейнетақы қоры тұтынушылармен байланыс орнату үшін 8 777 000 14 18 нөмірі арқылы  Whats App желісін іске қосып отыр. Онда барлық сауалға жауап беріледі», – дейді Қабасов.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Қарағандыдағы филиалының директоры Сариф Хасанова  кәсіпкерлер тарапынан қойығал әлеуметтік сауалдардың жауабын берді.

Аталған сақтандыру қоры арнайы таныстырып дайныдап, соңғы өзгерістер жайлы ақпарат берді. Сауалдар қойылып, тиісті жауап алынды. Қатысушылардың сауалдарына ұатысты толық түсіндірулер де орын алды.

«Әрбір азамат мүгедектік, әлеуметтік төлем алу, бала күтімі секілді себептермен мемлекет берген құқық пен мүмкіндікті пайдалануы керек. Әлеуметтік аударымдардың тұрақтылығы төлем жеткіліктілігінің шартының бірі», – деді Сария Хасанова.

Клуб отырсына аудандық филиалдар да қосылып, жергілікті бизнес субъектілері ақпарат ала алды.

Кездесу соңында кәсіпорын бухгалтерері әлеуметтік аударымдарға қатысты бірқатар ұсыныс айтылды. Қор өкілі берілген ұсыныстар қаралатынын атап өтті.

«Осындай іс-шаралардың пайдасы мол. Талқылаулар өткізілгені дұрыс. Жұмысқа да оң әсер етеді. Мұнымен қоса түсініксіз жайттарға қатысты сауалдың жауабы да беріледі. Келесі жиына салық өкілдерімен кездесіп, жауап алу керек», - деді Бухгалтерлер клубының мүшелері.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер