Түрікменстанда Қазақстанның сауда үйі ашылады
Бұл туралы Ашхабад қаласында өткен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы арасындағы сауда миссиясы барысында келесім жасалды. Сонымен қатар тараптар екі елдің кәсіпкерлеріне кіру визаларын алуға көмек көрсету туралы уағдаласты.
Қазақстандық компаниялар Түрікменстан нарығына бұрыннан қызығушылық танытып келген. Сауда миссиясы осы елдегі Қазақстан Елшілігінің қолдауымен маусым айында өткізілді. Онда «IT&M» , «Казфосфат», «КазАзот», «Кентау трансформатор зауыты», «Рахат», «Тиккурила», «Қазақстан Ғарыш Сапары», «АЗИЯ АВТО», «Баян Сұлу», «Порт Курык» сынды машина жасау, құрылыс, фармацевтика мен тамақ өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін 16 компания қатысты.
Сапар барысында энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, автокөлік, коммуналдық шаруашылық бойынша министрлер мен министрлер орынбасарлары, «Туркменюлдары», «Туркментефть» мемлекеттік концерн, Ұлттық ғарыш агенттігі басшылығы деңгейінде екіжақты кездесулер ұйымдастырылды.
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы және Қазақстанның өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының басқарма төрағалары Түрменстанның іскерлік-қоғамдастығымен кездесті.
Іс жүзінде екі ел арасында Түрікменстанның контрагенттері қазақстандық кәсіпкерлерге төлемдерді манаттың еркін айырбастау мүмкіндігінің болмауына байланысты төлемдерді жүзеге асыруда қиындықтар бар. Сондықтан, тараптар арасында байланысты нығайту мақсатында «Қазақэкспорт» АҚ топ-менеджерлері түрікменнің «Туркменистан» және «Халк банк» атты мемлекеттік банктерімен, сондай-ақ, «Рызгал» атты коммерциялық банкпен келіссөздер жүргізді.
Сауда миссиясы нәтижесінде Dolce фармацевтикалық компаниясы ынтымақтастық туралы екі меморандум жасады, ал «Белес-Агро» ЖШС «Белес-Маркет» сауда маркасымен Түрікменстанға жылына 3-4 мың тонна көлемінде ұн мен күнбағыс майы жеткізу бойынша келісім-шарт жасалды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: