Бурабайда Қазақстан құс өсірушілерінің VII форумы өтеді
Қазақстанның құс өсірушілер одағы 27-29 қыркүйек аралығында Еуразиялық құс шаруашылығы қауымдастығымен бірлесіп, Қазақстан құс өсірушілерінің VII форумы мен Еуразиялық құс шаруашылығы қауымдастығының I Форумын ұйымдастырады.
Іс-шаралар Ақмола облысының шүйгін аймағында, айналасы орман, көлдері бар, бірегей табиғи-климаттық және георграфиялық қолайлы жерде орналасқан Макинка құс фабрикасының ашылуына орай өтеді.
Макинка құс фабрикасы Қазақстан Республикасы аймағында ғана емес, сондай-ақ Орта Азиядағы ірі өндірістік (қуаттылығы 50 000 тонна құс етін өндіру) алаңға айналмақ. Фабриканың ерекшелігі оның қуаттылығымен қатар, Халал стандартының нормативтерін ескере отырып, дайын өнімнің сапасына, экологияға және тірі құсқа ізгілікпен қарауға берілетін еуропалық талаптарды есепке ала отырып әлем өндірушілері шығарған технологиялық жабдықпен қамтылып отыр.
Құс өсірушілері форумында Қазақстан Республикасы құс шаруашылығы дамуының бағдарламасы таныстырылады, құстардың барлық түрін өсірудің артықшылықтары мен кемшіліктері, құстарды өсіру, асырау, азықтандыру мен өндірістерді орналастыру, құс аурулары мен оларды алдын-алу, зоотехния және жабдықтар мәселелері талқыланады.
Форум құс өсірушілердің сұрақтарына жауап беріп, білімдерін жетілдіру, тәжірибе алмасу, іскерлік халықаралық байланыс орнату, сондай-ақ әріптестік қатынастарды жақсартуға мүмкіндік береді.
Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылары, Парламент және Мәслихат депутаттары, «Атамекен» ҚР ҰКП басшылығы, Росптицесоюз өкілдері, ТМД, Орта Азия және басқа мемлекеттердің құс фабрикалары мамандары қатысады деп жоспарланған. Сонымен қатар форумға агрохолдингтер және құс шаруашылығы саласында басқа да мүдделі тараптар қатысады.
Өтетін орны: Бурабай, Rixos қонақүйі
Сұрақтар бойынша: 8 (7172) 31-60-40, Whats’ App 8-707-365-26-66 Эльмира
Пікір қалдыру:
Пікірлер: