astana-view

Қызылордалық құрылысшылар марапатталды

2018 жылғы 15 Тамыз
- Қызылорда облысы
7740 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында өңір құрылысшыларымен кездесу өтті.

         Палата директоры Ғалымбек Жақсылықов ауа-райының аптабы мен аязына қарамай, құрылысшылардың атқарған адал еңбектерінің арқасында жылдан жылға қала мен елді мекендердің сәулетіне сәулет қосылып жатқандығын, өңірімізде заманауи талаптарға сай салынған құрылыс кешендері артқандығын айта отырып, сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады, алғысын білдірді.

         Бұдан әрі кезек марапатқа берілді. Назарларыңызға марапатталған азаматтарды ұсынамыз:

         - «Атамекен» ҰКП–ның ІІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалімен «Мелиоратор» ЖШС директоры Мыханов Бердібек Сартайұлы;

         - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен «Т-Т Құрылыс сервис» ЖШС директоры Бисембаев Темір Алдажұмаұлы;

         - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен  «СК «Данекер» ЖШС-нің тас қалаушысы Жансақалов Хамит Алмағамбетұлы;

         - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының  құрметті қызметкері» төсбелгісімен «Шапағат» пәтер иелері кооперативінің төрайымы, «Барша және К» ЖШС құрылтайшысы Шаханова Құрбанкүл Андақұлқызы;

         - Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алғыс хатымен «ҚазҚұрылыс Сервис» ЖШС бас директоры Сейтмұратов Айдарбек Ештайұлы, «Асар» ЖШС-нің құрылыс жөніндегі директорының орынбасары Құрымбеков Бахытжан Аманбекұлы, «Абу-Сер» ЖШС директоры Абубакиров Ибрагим Серікбайұлы марапатталды.

         Айта кету керек, биылғы жылдың өзінде облыста жалпы құны 27,6 млрд.теңгені құрайтын 42 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер