astana-view

Медициналық қалдықтарды өңдейтін фирма толығымен ақталды

2018 жылғы 16 Тамыз
- Шығыс Қазақстан облысы
4913 просмотров

Қылмыс құрамның болмауы себепті «Промотход» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

 Кәсіпорынға ҚР Қылмыстық кодекстің ауыр 325-бабы «Экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті химиялық немесе биологиялық заттарды өндiру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе олармен өзге де жұмыс iстеу кезінде қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан іс-әрекеттер» бойынша айып тағылды.

Дабылды «Промотход Қазақстан» ЖШС қарағандылық бас компанияның директоры Алексей Смирнов қақты. Өзінің кәсіпкерлер палатасына жасаған өтінімінде кәсіпкер: «Компанияның Шығыс Қазақстан облысындағы жаңадан ашылған бөлімшесі «Промотход Восток» ЖШС-на жергілікті мемлекеттік органдар нарықтан ысырып тастау мақсатымен кедергі келтіруде» деп мәлімдеді.

 «Онда көп адам: Қарағандыларыңа қайтындар, бізде өз компанияларымыз бар» деп ашық айтқан болатын. Органдар жобалық материалдарды ұстап тұрған, ал жоба үлгілік әрі Қазақстанның бірнеше өңірінде жұмыс істеп жатыр. Кейін біздің қызметті тұтынатын тапсырыс берушілерге, яғни медициналық мекемелерге қарсы қысым жасала бастады. Өскемендегі өндірістік алаңға өздерін Өскемен Ішкі істер басқармасының қызметкерлері деп таныстырып бөгде адамдар кірді, тексеруге қағаздарын көрсетіп, қызметкерлерімізді ұстап, қорқытты, психологиялық ықпал жасап, құжаттарды тартып алуға тырысты», – деп хабарлады ол.

 Нәтижесінде кәсіпорынның өнідірісіне құлып салынып, құжаттары тәркіленді. Алексей Смирновтың айтуынша Өскемендегі филиалға ғана кедергі болмай, бүкіл «Промотход Қазақстан» ЖШС-на нұқсан жасалды. Қызығы қылмыстық істе мүлде басқа компания атауы «Промотход Шығыс» ЖШС деп жазылған болатын.

 Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы ШҚО Ішкі істер департаментіне сұрау жіберді, қадағалау органдарымен бірнеше кездесулер ұйымдастырылды. 9 тамыз күні іс тоқталды. Бұл туралы ресми хатта облыс прокурорының орынбасары Виталий Шабер мәлім етті.

 «Бұл іс бойынша кәсіпорынды жабу үшін түрлі айла жасалды. Шамамен 3 апта бойы кәсіпорын тоқтап тұрды. Бір сөзбен айтқанда фукнцияларымызды орындай алмай отырдық», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің отырысында «Промотход Восток» ЖШС директоры Сергей Сергеев.

 

 

Жиын барысында «Инвесторлар мен бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасын жүзеге асыру аясында ведомствоаралық жұмыс тобы құрылады. Топ бәсекелестерді нарықтан алып тастауға тырысып жатқан мемлекеттік құрылымдар мен жосықсыз кәсіпкерлерден зардап шеккен кәсіпкерлер өтінімін қарайтын болады.

 Жұмыс тобы құрамына ҚР Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент, облыс прокуратурасы, Облыстық ІІМ Жеке кауіпсіздік басқармасы, ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы мен Іскер әйелдер кеңесі өкілдері кіреді деп жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер