astana-view

«Атамекен» компанияларды «Қазақстан қор биржасындағы Bloomberg күніне» («Bloomberg Day on KASE») қатысуға шақырады

2018 жылғы 03 Қыркүйек
2370 просмотров

«Қазақстан қор биржасындағы Bloomberg күні» («Bloomberg Day on KASE»)– бұл Қазақстан қор биржасы(KASE) мен Bloomberg-тің инвесторлар және басқа да мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл саласындағы үрдістерді, сондай-ақ компанияның инвестициялық тартымдылығын арттыру құралдарымен аудиторияны таныстыру мақсатында бірлесіп өткізетін шарасы.

Іс-шара барысында Bloomberg және қор биржасының өкілдері  сөз сөйлейді. «Қазақстан қор биржасындағы Bloomberg күніне» қатысу тыңдаушыларға әлеуетті инвесторлармен, сондай-ақ қолданыстағы тиімді өзара іс-қимыл әдістері мен құралдары туралы білімді кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік береді.

«Қазақстан қор биржасындағы Bloomberg күніне» («Bloomberg Day on KASE») қатысу тегін.

Іс-шара 2018 жылдың 12 қыркүйегінде сағат 9: 30-дан 13: 00-ге дейін мына мекен-жайда өтеді: Алматы қ., Байзақов көшесі, 280 үй, «Almaty Towers» Бизнес-орталығы, 1 қабат, KASE баспасөз офисі.

Қатысу үшін 2018 жылдың 10 қыркүйегінен кешіктірмей customers@kase.kz  электронды почтасына өтінім беру арқылы тіркеуден өту қажет.
Өтініште келесі мәліметтерді көрсету керек: компанияның атауы, қызметкердің аты-жөні, қызметкердің жұмыс істейтін бөлімінің атауы, қызметкердің байланыс ақпараты (міндетті емес).

Анықтама телефондары +7 (727) 237 53 00 (ішкі 1153), +7 (727) 237 53 20


Еншілес ұйымдар

Серіктестер