astana-view

Қазақстан-Қытай шекарасында «Нұр Жолы» жаңа автоөткізгіші ашылады

2018 жылғы 26 Қыркүйек
5866 просмотров

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» трансұлттық инфрақұрылымдық жоба және көлік дәлізі- Еуропа мен Азия арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған. Жалпы ұзындығы 8 445 километр (2 233 – Ресей аумағы бойынша, 2 787 – Қазақстан және 3 425 – Қытай) Автомагистраль Санкт-Петербургте басталып, Ресей, Қазақстан және Қытайдың ондаған қалалары арқылы Сары теңіз жағалауындағы Ляньюньган қаласына дейін созылады.

Жоба аясында «Нұр Жолы» (ҚР) – «Қорғас» (ҚХР) жаңа автомобиль өткізу пунктін ашу жоспарлануда. Жобаның аяқталуы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің толық ашылғандығын білдіреді. Өткізу пунктін ашудың әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігінің бірі ҚХР-ҚР-РФ-ЕО бағыты бойынша транзиттік тасымалдардың көлемін ұлғайту.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитетінің ақпараты бойынша жаңа кеден бекетіне: «39855410 – «Нұр Жолы» кеден бекеті» коды берілді.

2018 жылғы 25 қыркүйектен бастап «Қорғас» (ҚР) – Қорғас (ҚХР) ескі өткізу пунктінің жұмысы тоқтатылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер