astana-view

Астраханда «Қазақстанда жасалған» көрмесі басталды

2018 жылғы 27 Қыркүйек
3073 просмотров

Бүгін Ресейдің Астрахань қаласында «Қазақстанда жасалған»  екі күндік сауда-өнеркәсіптік көрме жұмысы басталды. Іс-шараны Қазақстанның сыртқы сауда палатасымен бірлесе отырып ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі, ҚР Астрахань қаласындағы Консулдығы.

Іс-шараға ел экономикасының негізгі салалары-машина жасау, құрылыс, химия, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп және аграрлық азық-түлік кешенін таныстыру үшін Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан 50 – ден астам қазақстандық кәсіпорын қатысуда.

Көрменің іскерлік бағдарламасында «Қазақстанда бизнесті жүргізудің артықшылықтарын таныстыру» тақырыбында бизнес-семинар және В2В форматындағы келіссөздер бар.

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кәсіпорындары арасында іскерлік байланыстарды орнатудың жалғасы және екі ел экономикасының экономикалық өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында билік пен бизнестің сындарлы өзара іс-қимыл мәселелерін шешуге қызмет етеді.

Көрменің өтетін орны: Астрахань қ., Николай Островский к-сі, 147 үй, «Звездный»спорттық-ойын-сауық кешені.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер