astana-view

«Атамекен» заңнамаларды жетілдіру бойынша қандай жұмыстар жүргізіп жатыр?

2018 жылғы 27 Қыркүйек
- Алматы қаласы
3460 просмотров

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов Алматыда өткен Қазақстандық заң форумы барысында мәлімдеді

«Атамекеннің» негізгі міндеттерінің бірі Қазақстанда кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық жағдайлар жасау болып табылады. Ол үшін белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр және бірқатар бастамалар ұсынылды.

«Атамекен» 2015 жылдан бастап Қала құрылысы кодексін әзірлеу қажеттігі жөніндегі мәселені көтеріп келеді. Мұндай актіні қабылдау заңға тәуелді реттеулердің, сілтемелік және бланктік нормалардың көптүрлілігін жойып, бір мағыналы емес түсіндірулерді болдырмайды», – деп атап өтті Рустам Жүрсінов.

ҰКП қала құрылысы кодексі жобасын әзірлеудің орындылығын анықтауға бағытталған, оның ішінде, халықаралық тәжірибені зерделеумен қатар сәулет, қала құрылысы және құрылысты дамыту саласында зерттеулер жүргізуде.

«Атамекеннің» тағы бір бастамасы ЖШС-тердің кірістерін жылдық қорытынды бойынша ғана емес, сонымен қатар тоқсандық, жартыжылдыққа бөлу мәселесі. Спикер атап өткендей, заңды тұлғалардың таза табысын бөлу туралы Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесімен ұқсас көрші елдердің тәжірибесі мұқият зерделенді.

«Ұлттық палата қатысушыларға таза кірістерді жылдың қорытындысы бойынша ғана емес, сонымен қатар тоқсанға, жартыжылдыққа бөлу туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізді. Ұлттық кәіпкерлер палатасының  ұсынысын Үкімет және Парламент Мәжілісінің депутаттары бірауыздан қолдады», – деді Рустам Жүрсінов.

ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің жаңа жобасына түсініктеме берді.

«Қолданыстағы Экологиялық кодекстің проблемаларының бірі оның фискалдық және жазалау сипаты болып табылады. Кодексте келтірілген залалды қаржылай өтемақы төлемес бұрын қалпына келтіру басымдығы қарастырылмаған, сондай-ақ қоршаған ортаға келтірілген залал туралы факті мен келтірілген зиян мөлшерін дәлелдеу қажеттілігі де жоқ, сондай-ақ залал келтірушінің әрекеттері салдарына қатысты себеп-салдарлық байланыс та жоқ. Тек лимиттен асу фактісі ғана белгіленеді, – деп түсіндірді Басқарма мүшесі. – Осыған байланысты «Атамекен» жаңа кодексте қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу жөніндегі нормаларға экологиялық залал келтіру фактісі дәлелденген жағдайда ғана ерекше назар аудару керек деп есептейді, сондай-ақ бұл болжанған «ластаушының» іс-әрекетінің/әрекетсіздігінің және оның келтірілген залалдың жалпы көлеміне қосқан үлесі анықталған жағдайда ғана».

Ары қарай спикер 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартына және «Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексіне түсініктеме берді.

«ҚР Кедендік кодексіне «Атамекен» тарапынан  500-ден астам түзету енгізілді. Ірі бизнес субъектілері үшін жаңа Кедендік заңнамадағы негізгі жетістіктер мыналар: кеден органына құжаттардың негізінде толтырылған кедендік декларацияны аталмыш құжаттарды көрсетпей-ақ ұсыну мүмкіндігі, жер қойнауын пайдаланушылар үшін шартты шығару мерзімі қысқартылды және жаңа Кодекс күшіне енгеннен кейін 2010 жылға дейін әкелінген жер қойнауын пайдаланушылардың барлық тауарлары бақылаудан алынды. Сондай- ақ, инвестициялық келісім-шарттар аясында тауарларды беруге дейін (кедендік декларациялауға дейін) шығару мүмкіндігі қарастырылған», – деп атап өтті Рустам Жүрсінов.

Бұдан әрі Рустам Жүрсінов кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын заң жобалары тұжырымдамаларына және барлық нормативтік-құқықтық актілердің жобаларына сараптамалық қорытынды беру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.

«Атамекен» құрылған сәттен бастап біз нормативті-құқықтық әктілер жобаларына 23 833 – ден астам сараптамалық қорытынды бердік, оның ішінде – 556 заң жобалары бойынша және 93-тұжырымдамалар бойынша (2016 жылдың сәуір айынан бастап). ҰКП қызмет атқарып жатқан бес жыл ішінде ескерту жасау режимінен жобаларды бірлесіп зерттеуге көшті, басқаша айтқанда бастау алған күннен бастап. Осының арқасында бизнестің ескерілген ұсыныстарының пайызы айтарлықтай өсті – 2015 жылы 30% -дан 2017 жылы 73%-ға дейін», – деді ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.

Рустам Жүрсіновтың айтуынша, ҰКП жыл сайын заңнамалық шараларды әзірлеу арқылы кәсіпкерлік ортаны түбегейлі жақсарту бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр.

Жұмыс атқарып жатқан жылдар ішінде «Атамекен» 800-ден астам рұқсат түрін қысқартуға қол жеткізді. Осы бағыттағы жұмыстың қорытындысы бойынша бизнестің жылдық қаржылық шығындары 4 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Сонымен қатар, ҰКП ҚР ҰЭМ бірлесіп бизнесті қайта реттеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізді, профилактикалық бақылау енгізілді, тексерулер мерзімі 15 күнге дейін, жоспардан тыс тексеру мерзімі 10 күнге дейін қысқартылды. Және кәсіпкерлік субъектілерді тексеру барысында қойылатын талаптардың 58%-ы қысқартылды.

«Елбасының тапсырмасына сәйкес бизнес реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған түзетулердің жетінші жиынтығын дайындау бойынша белсенді  жұмыс атқарылып жатыр. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы заңнамалық актілерге 80 түзету енгізу бойынша кесте әзірледі, онда 5 кодекс пен 10 ҚР заңы қамтылған.  Мәселен, біздің ұсыныстар «Жер қатынастары» туралы, «Құрылыс туралы» заңнамаға, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», «Төрелік туралы» заңдарға өзгерістер енгізуді көздейді, - деді Рустам Жүрсінов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер