astana-view

Сочиде ЕАЭО Іскерлік кеңесі Төралқасының отырысы өтті

2018 жылғы 28 Қыркүйек
3087 просмотров

 27 қыркүйек күні Сочи қаласында ЕАЭО Іскерлік кеңесі Төралқасының отырысы өтті

Оныншы отырыс аясында ЕАЭО бизнесі үшін өзекті мәселелер экономикалық интеграцияның практикалық бағыттары: сауда саясаты, көлік және өнеркәсіптік саясатты үйлестіру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Жиынға ЕАЭО Іскер кеңесі Төралқасының мүшелері Александр Шохин (Ресей тарапынан), Арсен Казарян (Армения тарапынан), Виктор Христенко (Іскерлік кеңестің президенті), Іскерлік кеңес тараптары үйлестірушілерінің өкілетті өкілдері, Александр Панасюк (Беларусь тарапынан), Юлия Якупбаева (Қазақстан тарапынан), Александр Мурычев (Ресей тарапынан), ЕАЭО Іскерлік кеңесі комитеттері жетекшілері Владимир Басько (Цифрлық тәртіп бойынша комитет төрағасы), Владимир Саламатов (ҚХР және басқа да әріптестермен Техникалық-экономикалық негіздеме комитетінің төрағасы), Іскерлік кеңестің барлық тараптары делегациялары, сонымен қатар Василий Тарлев (Молдовадан Іскерлік кеңес жанынан бақылаушы-бірлестіктің жетекшісі), Еуразиялық экономикалық комиссияны отырыста ЕЭК Алқасының мүшелері Александр Субботин, Виктор Назаренко бастап келді.

Жиынның күн тәртібінде  сыртқы нарықтарға экспорттауды кеңейтуде ЕАЭО мүше мемлекеттердің өндірушілеріне көмек көрсету мәселелері қаралды. Әлемдік протекционизм жағдайында экспорт дамуын қажетті қолдаудың болмауы – жекелеген кәсіпорындар деңгейінде де, мемлекеттер және ұлт аралық бірлестіктер деңгейінде де экономикалық және өндірістік қайта құруға әкеп соғуы мүмкін.

 Экспорттаушыларды қолдау мақсатында ЕАЭО Уәкілетті экономикалық операторлар институтының ары қарайғы дамуы мен ЕАЭО елдерінің отандық тауар өндірушілеріне уәкілетті оператор мәртебесін берудің келісілген тәсілдерін әзірлеу қажеттілігі талқыланды.

 Отырыста Одақтың халықаралық қызметі бойынша ЕАЭО мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес салалық ынтымақтастық, сонымен қатар Одақтық бизнес-қоғамдастықтарының Ераван қаласында (22-23 қазан) өтетін «Еуразия апталығы» халықаралық үшінші форумына қатысу мәселелерін талқылады.

Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының Металлургия және тау-кен өнеркәсібі бойынша қосалқы комитеті халықаралық ынтымақтастық бойынша ҚХР-мен металлургия саласында салалық диалог құру бастамасын көтерді.

 

Тараптар ынтымақтастықты дамыту және басқа да салалық диалогтарды ашу мүмкіндігін жетілдіруге, мәселен, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, ағаш өңдеу, фармацевтика, автокомпоненттерді өндіру бойынша байланыс орнатуға уағдаласты.

 Бұған қоса жиын барысында транзит, таңбалау мен ЕАЭО шеңберінде бақылау жүргізу мәселелері көтеріліп, Комиссия өкілдеріне жетті.

Бизнес өкілдері цифрлық сауда бойынша ЕАЭО Іскерлік кеңесі мүшелеріне және Одаққа мүше мемлекеттердің басқа да мүдделі іскерлік қауымдастықтарына, іскерлік бірлестіктерге Одақтың цифрлық саудасы бойынша жобалардың тиімді жүзеге асыру үшін Еуразиялық экономикалық одақ заңнамасын жетілдіру қажеттілігі, сонымен қатар ЕАЭО бизнесінің таңбалау, тауар, цифрлық дәліздердің бақыланауы және ЕАЭО ішкі нарығында заңды тауар айналымына арналған бірыңғай транзит жүйесі мәселесі бойынша үйлестірілген позициясын қалыптастыру мәселесін талқыға салды.

Күн тәртібінде белгіленген сұрақтар бойынша Владимир Саламатов, Владимир Басько, Юлия Якупбаева, Виктор Назаренко, Андрей Лоцманов (Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы Техникалық реттеу, стандарттау мен сәйкестікті бағалау бойынша комитеті Төрағасының бірінші орынбасары), Станислав Наумов «ЕЦИИК» Атқарушы директоры, ЕАЭО Іскерлік кеңесі Хатшылығы) баяндама жасады.

 Жиында Комиссия мүшелері Еуразиялық ықпалдастық пен ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі мен белсенді қатысқаны үшін «ЕАЭО Іскерлік кеңестің құрмет белгісімен» марапаттауға ЕАЭО  Іскерлік кеңес тараптарымен көрсетілген кандидаттарды бекіту бойынша шешім қабылдады.  

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер