astana-view

Отандық бизнес Өзбекстанда өтетін сауда форумына қатысады

2018 жылғы 01 Қазан
2490 просмотров

17-18 қазан аралығында Ташкентте  VIII Ортаазиялық сауда форумы өтеді.

 Форум аясында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Қазақстанның ұлттық стендін ұйымдастырады, онда тамақ өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар көрсетілетін болады.

 Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы келесі шығындарды көтереді:

 - тіркелу жарнасы;

- көрме стенді мен таныстырмалы мобильді констуркциялар құрылысы;

-стендтің қажетті көрмелік жабдықпен қамтылуы;

-іс-шара өтетін елдегі трансфер.

 Форумға қатысуға қызығушылық танытсаңыздар 5 қазанға дейін мына сілтеме арқылы тіркелу керек:

  https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdXfF0_1j6mIOR-9_1wsmm0gFS6XpD-_xyxprAGkNqoKlrytw/viewform  

Сұрақтар болса, мына электронды поштаға жолдаңыздар: akmaral.issembayeva@gmail.com

Биылғы форумның тақырыбы: «Сауда мен инвестициялар дамуының жаңа белестері». Іс-шара Орталық Азияның өңірлік және халықаралық сауда және бизнес мүмкіндіктерге дайындығына арналмақ.

 

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер