astana-view

Халықаралық инвесторлар апталығы-2018: Қазақстанда бірқатар іс-шаралар өтеді

2018 жылғы 01 Қазан
2459 просмотров

«IOSC» бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясының халықаралық ұйымының бастамасымен 2018 жылғы 1-7 қазанда әлемнің 80 елінде инвесторлардың екінші халықаралық апталығы  (WIW-2018) өтеді.

Бір апта ішінде 80-нен астам қаржы реттеушілері мен қаржы нарығының мүдделі қатысушылары 6 континент инвестициялаудың негіздері туралы хабардар етуге және қаржы қызметтерін тұтынушыларды қорғауға бағытталған  іс-шаралар өткізу жоспарланған.

WIW-2018 жаһандық бастамасын қолдау мақсатында «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстанның бірқатар ірі қалаларын қамтиды, атап айтқанда: Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды, Қостанай және Өскеменде халықтың қаржылық және инвестициялық сауаттылығын арттыруға бағытталған әртүрлі форматтағы шаралар өткізеді.

2018 жылдың 29-30 қыркүйегінде Назарбаев Университеті базасында елорданың ағылшын дебаттық клубтары арасында «AIFC Investment Cup» пікірталас турнирі өтеді. Зияткерлік әлеуеті жоғары жастарды біріктіретін іс-шара азаматтық сана-сезімді тәрбиелеуге, сыни ойлауды дамытуға және жас ұрпақты мемлекеттің экономикалық процестеріне тартуға бағытталған. Турнирдің қарары инвестициялау мәселелерінің кең спектрін қамтиды, бұл жастарды инвестициялық қызметке қатысуға ынталандыруға мүмкіндік береді. Турнирге қатысушылар: Назарбаев Университетінің, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, ҚазГЗУ, НЗМ  студенттері және т. б.

1-5 қазанда Қазақстанның ірі қалаларында Қаржылық сауаттылық бойынша Республикалық науқан - Financial Literacy Roadshow іс-шаралары өтеді:

1 қазан – Алматы және Атырау;

2 қазан - Шымкент;

4 қазан - Қостанай;

5 қазан-Өскемен.

Осы бастаманың бірінші бөлігі- жастардың қаржылық және инвестициялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында өңірлік жоғары оқу орындарының студенттері үшін дәрістер өткізуді көздейді (академиялық топтар үшін презентациялар). Іс-шараның спикерлері: қаржы қызметтерін, қаржы технологияларын реттеу, жасыл және ислам облигацияларын шығару, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында инвестициялау саласындағы АХҚО сарапшылары.

Республикалық науқанның екінші бөлігі өңірлік бизнес үшін презентациялардан тұрады, оның барысында АХҚО сарапшылары АХҚО-ның бизнес үшін мүмкіндіктері, жасыл және ислам облигацияларын шығару ерекшеліктері, АХҚО-да тіркеудің артықшылықтары мен рәсімі және т.б. (іскер топтар үшін презентациялар) туралы баяндайды.

2018 ж.2 қазанда Алматы қаласында инвесторларды құру және қорғау маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыруға арналған «Capital Markets and Investor Protection in AIFC» қаржы нарығының қатысушылары үшін ақпараттық сессия өтеді. Капитал нарығы және инвесторларды қорғау тақырыбына АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінен және АХҚО биржасынан арнайы спикерлер сөз сөйлейді.

Іс-шаралар АХҚО-да тіркелген брокерлер мен дилерлерге, сондай-ақ нарықтың басқа да мүдделі қатысушыларына арналған.

Толығырақ ақпарат  www.aifc.kz     сайтында.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер