astana-view

Бизнес үшін салықтық рақымшылық жасауды тапсырамын- Нұрсұлтан Назарбаев

2018 жылғы 05 Қазан
5942 просмотров

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері мен қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттер туралы Жолдауында мәлімдеді.

«Үкімет экономикадағы көлеңкелі айналымды кемінде 40 пайызға үш жылға қысқарту бойынша пәрменді шаралар қабылдауы керек. Бизнес таза парақтан жұмыс істей алуы үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес үшін рақымшылық жасауға кірісуді тапсырамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзартуды тапсырды.

«Естеріңізде болса біз 2010 жылы біз «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске қостық. Менің аймақтар бойынша сапарларым аясында бұл тиімді бағдарлама екеніне көз жеткіздім. Бағдарламаның әрекетін 2025 жылға дейін ұзарту керек. Екінші – жыл сайын оны іске асыруға қосымша 30 миллиард теңгеден кем емес қаржы қарастыру керек», - деді Президент.

Ол бизнесті қолдау бағдарламасы үш жыл ішінде қосымша 22 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, бұл бюджетке 224 миллиард теңге салық пен өнім өндіруге үш триллион теңгені қамтамасыз етеді.

Жыл сайынғы Жолдау барысында Мемлекет басшысы Үкіметтің импорт алмастыру жөніндегі жұмысты күшейтуі және экспорттаушыларды қолдауға, «қарапайым заттар экономикасын» дамытуға баса назар аудару қажет екенін атап өтті.

«Саясат қателеспеуі керек. Оған біздің тауарларымызды өңірлік әлемдік нарықтарға жылжытуға бағытталған белсенді сипат беру қажет. Біз кәсіпорындарға тауарлардың «қарапайым заттар нарығы» деп аталатын  кең номенклатурасын кеңейтуге көмектесу керекпіз.  Бүгін біз өз тауарларымызды қолдау керекпіз. Мен сіздерге көрсеткен едім, мен мәселен, біздің тауар өндірушілердің костюмдерін киіп келемін, кие бермекпін. Ол он есе арзан», - деді ҚР Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев мұндай жұмыс отандық кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін жүзеге асыру тұрғысынан ғана емес, ішкі нарықты қазақстандық тауарлармен толықтыру тұрғысынан да маңызды екенін атап өтті.

«Тауарлардың импорты аз мемлекет тәуелсіз мемлекет, - деп нақтылады Мемлекет басшысы. – Беларусь, Қырғызстан өздерін қалай қорғайды, сіздер білесіздер. Біздікілер үнсіз, ешкіммен де дауласпайды. Өйткені, жоғары басшылыққана дау айта алады деген түсінік қалыптасқан. Әркім өз міндетін орындауға, бизнесімізді қорғауға және оның айналамыздағы басқа нарықтарға, үшінші елдерге өтуін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл тек экспорттық әлеует тұрғысынан ғана емес, ішкі нарықты қанықтыру шарасы ретінде маңызды».

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банкке 600 миллиард теңгеден кем емес сомаға мерзімінен бұрын теңгелік өтімділікті беруді тапсырды.

«Ішкі нарықты қанықтыру Үкіметтің негізгі бағыты болуы тиіс. Үкіметке өңдеуші өнеркәсіпті және шикізаттық емес экспортты қолдауға келесі үш жыл ішінде 500 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Ұлттық Банкке басым жобаларды қолжетімді несиелендіру үшін банктерге 600 миллиард теңгеден кем емес мерзімнен бұрын теңгелік өтімділікті беруді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер