astana-view

ҚР Президенті несие беруге болатын кәсіпорындар тізімін жасауды тапсырды

2018 жылғы 05 Қазан
4735 просмотров

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұзақ мерзімге жеңілдетілген несие беруге болатын өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының тізімін жасауды тапсырды.

«Қалыптасқан жағдайда экономиканы, әсіресе өңдеу секторы, шағын және орта бизнесті несиелеу – өте маңызды. Жақсы, мен: бизнеске ақша берейік, қаржыландырайық деп айтамын, ал бұл несиені кім алады, несиені қайтара алатын кәсіпорындар қайда?! Бұл банктің емес Үкіметтің мәселесі. Банкке: ақша бер, несиелендір деп айта аламыз. Барлық мәселе – бұл несиелерді алатын, қайтара алатындар жоқ», – деді Президент.

Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов несиелеуді қажет ететін жобалар барын айтты.  

«Онда Үкіметпен бірге Қазақстанға қажет кәсіпорындарды, экспортқа өнім шығаратын компаниялардың тізімін жасайық, оларға жекелеп ақша берейік. Келістік пе?», – деп қорытындылады Мемлекет басшысы.

 Айта кетелік, биыл «Атамекен» ҚР ҰКП өңдеу өнеркәсібінің 8 саласы бойынша 2 мыңнан астам кәсіпорынға паспорттау жүргізді. Зерттеу нәтижесі  айналымдағы капиталдың жетіспеушілігі кəсіпорындардың өнімді өткізу, шикізаттың жетіспеушілігі сынды негізгі проблемаларының бірі екенін көрсетті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер