astana-view

Шоттардың бұғатталуына байланысты кәсіпорындар шығынға батуда

2018 жылғы 09 Қазан
- Қарағанды облысы
4741 просмотров

Қарағанды облысының Кәсіпкерлер құқығын қорғау  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесіне Абай кентінің кәсіпкерлері жүгінді, олар консорциумға бірігіп, өз күштерімен жергілікті тігін фабрикасын қалпына келтіруге тырысып жатыр.

Олардың айтуынша, бұл жұмыс қиынға соғып тұр, ал Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері аяқтан шалуда. Қазынагерлер растайтын құжаттарды ұсынбағандары үшін кәсіпкерлердің шотын бұғаттаған. Бірақ консорциум өкілдері бұл жөнінде ешқандай түсініктеме алмағандықтарын айтады.

Қарағанды облысының үш компаниясы – «Стежок» ЖШС, «Қызғалдақтай» ЖШС және «Малюк» ЖК мемлекеттен тігін жабдықтарын сатып алуға 3 миллион теңгеден грант алды. Компаниялар консорциумға бірігіп, Абай тігін фабрикасын қалпына келтіруге кірісті. Негізгі құралдар – ғимарат пен құрал-жабдықтар – «Стежок» ЖШС-нің меншігі ретінде тіркелген. Қызметкерлері басқа компанияда рәсімделген. Алайда соңғы уақытта кәсіпкерлер фискалдық органдар тарапынан туындаған проблемаларға тап болды.

«Біздің Абай ауданының мемлекеттік кірістер басқармасымен қарым-қатынасымыз шиеленісіп тұр. Олар біздің есепшоттарымызды тұрақты негізде жабады. Мен түрік тарапына жылу радиаторлары үшін ақы төлеуге тиістімін, алайда төлей алмаймын. Қызметкерлерге жалақы төлеу керек – мен төлей алмаймын. Соңғы рет, есепшот, менің ойымша, ақылға қонымсыз, ойдан шығарылған себептер бойынша жабылды. Мұндай әңгімені тек дүкенде айтуға болады! Және осы негізде кәсіпорынды жабу туралы шешім қабылдауымыз керек пе, онда 100-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр ғой! Біздің инвестициялық жоба мүлде құлдырауы мүмкін! Біз несие ала алмаймыз, өйткені бірде-бір банк Абайға барғысы келмейді. Ондай болса, тым болмаса кедергі келтірмеңіздерші! Біз сұрқай схемаларды пайдаланбаймыз, жалақыны карточкаларға аударамыз. Орташа жалақы – 100 мың теңге. Әлеуметтік салықтар, зейнетақы төлемдері тұрақты түрде төленіп жатыр», – деді Кеңестің отырысында «Стежок» ЖШС-нің директоры Нұрхан Жұмабеков.

Абай ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Алексей Ефанов кәсіпкерлердің салық органдарына қызметкерлердің әлеуметтік есептеулерін бақылау үшін фирмалар арасындағы аутсорсинг шарттарын ұсынбағанын түсіндірді.

«Бізге бұл шарттар ұсынылмады, соның нәтижесінде салық кодексіне сәйкес біз өз міндетімізді орындауға мәжбүр болдық. Біздің әрбір іс-қимылымызды Министрлік бақылайды. Сондықтан «Стежок» ЖШС тарапынан жасалған шағымдарды негізсіз деп санаймын», – дейді Алексей Ефанов.

Оның айтуы бойынша, штат рәсімделген кәсіпорын асығыс түрде енді ғана өткен жылдарға әлеуметтік төлемдерді жасай бастаған. Алайда Нұрхан Жұмабеков шотты ашып, ақшаның уақытында түскенін көрсетуді талап етті, бірақ декларацияны енді ғана тапсырған екен.

«Шотты жабу туралы хабарламаны біз 9 қыркүйекте алдық, сол күні мен салық комитетінде болған едім. Аутсорсинг шарттары туралы маған бір де бір сөз айтылған жоқ. Мен бүгін бұл туралы алғаш рет естідім».

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қайрат Орқашбаев өз әріптесіне болысып, салық органының хабарламасын орындау үшін бизнес субъектісінің түсініктемесі жеткілікті екендігін түсіндірді. Бұл жазбада тек «Мен келіспеймін» деген екі сөзді жазуға  болатын еді және осы негізде заң бұзушылық туралы хабарлама орындалған болып саналады. Шотты жабуға дейін жете қоймаған. Бірақ осы жылдан бастап салық органдары растайтын құжаттарды талап етуге құқылы. Ал құжаттар болмаған жағдайда – қатаң шараларды қолдануға құқылы.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес мүшелерін мұндай мәлімдеме қанағаттандыра алмады.

«Сізде кәсіпорынға келіп, тақырыптық тексеру жүргізу құқығы бар ғой! Ал мәселені талқылағаннан кейін ғана қажетті құжаттарды талап ету құқығы бар. Неге бірден түбегейлі шаралар қабылдап, шоттарды бұғаттау керек? Өз іс-әрекеттеріңізбен сіз кәсіпорынның жұмысын тоқтаттыңыз», – деді Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Геннадий Жмук.

Пікірталасты Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Серік Төрегелдин жалғады.

«Біз әзірге мәселені шешуге әкімдіктерді, прокуратураны, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарын қоспаймыз. Біз сіздерден әділ шешім қабылдауларыңызды сұраймыз», – деді мемлекеттік кіріс органдарының қызметкерлеріне Кеңес басшысы.

Отырысқа қатысушылар «Стежок» фирмасы салық қызметкерлеріне аутсорсинг шартын ұсынуы тиіс деп шешті, ал олар «Малюк» ЖК және «Қызғалдактай» ЖШС бойынша еңбекақының есептелуін тексереді. Егер тәртіп бұзушылық болмаса, мемлекеттік кіріс басқармасы шоттарға салынған қамақты алып тастайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер