astana-view

«Қазақстанның үздік тауарын» халықтық дауыс беру анықтайды

2018 жылғы 13 Қазан
4296 просмотров

2018 жылғы республикалық көрме несімен есте қалды?

12-13 қазан аралығында Астанада «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесі өтті, ол көпшілікті ұйымдастыру деңгейімен, қонақтар санымен, ұсынылған өнімнің ассортиментімен және сапасымен таң қалдырды.

Биылғы байқау- аймақтық кезеңде қатысушылардың рекордтық саны - 1163 өндірушіні жинады. Олардың 153-і Астанаға «жүзден -жүйрік, мыңнан- тұлпар» атағы үшін күресуге келді. Естеріңізге сала кетейік, байқауда кәсіпкерлер дәстүрлі түрде үш номинация бойынша сынға түсті. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары».

«Арзан, әрі тиімді!»


Республикалық көрменің биылғы ерекшеліктерінің бірі- өзіңе ұнаған  тауарды тауар өндірушілердің бағасымен сатып алу мүмкіндігі. «Көрмеге» келген бірде-бір адам үйіне құр қол кетпеді.

Балалар конструкторы бар шелек үшін 1 500 теңге? Арзан! Балалар ойыншықтарын дайындауды Шымкенттен келген Шухрат Юлдашев бала кезден армандаған. Әртүрлі сызбалар жасап, талаптанып көрген. Кейін үлкен ұлы Қытайға барып өндірісті аралап көргеннен кейін жобаны жүзеге асыруға болатынына көзі анық жеткен. Енді өңірде «Navruz» маркалы конструкторлар, құм жинақтары, квадроциклдер шығарылады.

«Біз бағасы қымбат болса да балаларымызға әртүрлі ойыншықтар сатып алып жүрдік. Нарықта ойыншықтарға деген сұраныстың күн санап өсіп отырғандығы мені мақсатыма бір қадам жақындатты. Ақырында «өзіміз жасайық», деген құлшыныс қанаттандырды, сөйтіп мемлекет берген 10,5 млн теңге несиеге станоктар сатып алып, арманымды жүзеге асырдым», - дейді Шухрат Юлдашев.

Ойыншықтардың жанында киім-кешек, шұлық және төсек-орын жабдықтары бар сөрелер сапқа тұрған. Қонақтар бағалармен танысып, өзіне, жақындарына сатып алып жатыр.

Өндірістік мақсаттағы тауарлар қойылған стендтердің жанына келген қонақтар қызығушылықпен  тауар туралы  сұрайды. Аймақтық байқау жеңімпаздарының бірі – «Барк Технолоджи» ЖШС. Компания өкпеден қақырықты түсіруге арналған аппараттарды шығарады. Қазақстандық ауруханаларда аппараттар 2014 жылдан бастап пайдаланылып келеді. Жабдық Астанада өндіріледі.

«Өкпені емдеуге арналған виброакустикалық аппарат пульмонология және реанимация бөлімінде қолданылады. Тіркеу куәлігі Өзбекстан Республикасы, Беларусь мемлекеті аумағында қызмет көрсетуге құқық береді. Таяуда Ресей Федерациясының аумағында да пайдалануға рұқсат аламыз. Аппараттың оң қызметі туралы біз дәрігерлерден оң пікірлер естіп жүрміз», – деді компания өкілі Кристина Петрашова.

Ағылшын стилінде жасалған дүңгіршікке таңданыспен қараған адам оның ішінде орналасқан төлем терминалдарының да отандық тауар екенін біле бермейді. Тараз қаласындағы «Novacom Technology» ЖШС компаниясы отандық нарықта 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазіргі таңда өндіріс ошағы еліміздегі төлем терминалдары мен ақпараттық киосктерді, турникеттерді шығарумен айналысады.

«Компаниямыз турникеттер, ақпараттық киоск, терминалдар, банкоматтарды дайындау жөніндегі арнайы сапа сертификаттарын иеленген. Турникеттерді жасау бойынша ұлттық стандартты біздің компания жасақтайды. Ұлттық стандарт 2019 жылдың көктемінде бекітіледі»,-дейді ЖШС бас директоры Марсель Абдраманов.

Дәстүр жалғастығы үзілмейді


«Qazaq house» ЖШС өндірген тобылғымен ысталған күбіде піскен қымыздың дәмі балдай. Қазіргі таңда өнімдерді Астанадағы «Керуен» сауда орталығынан, азық  түлік дүкендерінен табуға болады.

«Біз ұлттық дәстүрдің жаңғырғанын қалаймыз. Қазақ қымызының дәмін әлемдік нарыққа шығарсақ дейміз. Қазір жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Былтырғы байқауда үшінші орын алғанбыз. Биыл да бағымызды сынағымыз келеді», -дейді ЖШС басшысы Нұржамал Бахитова.

Әдетте біз сапарға шыққанда жылдам дайындалатын кеспені іздейміз және ол отандық өнім болса тіпті жақсы. Өкінішке қарай нарықта мұндай өнімдер жоқтың қасы.

«Дәулет» жекеменшік индустриялық аймақ» ЖШС 2014 жылдан бері қалбырдағы ет, сонымен қатар кеспе түрлерін Ресей, Қытай нарығындағы өнімдермен тең дәрежеде дайындайды.

««Карат» консервілерін Атырау халқы жақсы біледі. «Айхан» шаруа қожалығымызда ет өнімдерін дайындаумен айналысады. Су шығарамыз. «Дәулет» жылдам дайындалатын кеспелерін Қостанайдың Рудный қаласында арнайы біздің компаниямыз үшін дайындап береді. Болашақта өндірісімізді кеңейтіп, халық тұтынатын тауарларды өндіруді дамытсақ дейміз»,- компанияның директоры Қуандық Тілеубаев.

Көрме қонақтары Солтүстік Қазақстан облысының «Пилипушко отбасының пасекасы» ШҚ павильонының шамдарымен және гүлдермен безендірілген павильонының жанынан жай өтпеді. Балдан басқа, сөрелерде шам, кәмпиттер, бал жиынтығы сыйлығы-бәрі табиғи. Ал бал косметикасының орны бөлек. «Пилипушко отабасының пасекасы» 1985 жылдан бері бар және шетелдерде танымал. Фирманың облыстық деңгейде үздік атанғаны таңқаларлық емес.

«Косметика-менің хоббиім. Омарта шаруашылығы-біздің отбасылық кәсібіміз. Бастаушысы менің арғы атам. Уақыт өте келе оның ісі оңға басты. Ал мен төртінші буындағы омарташымын», - деді Ярославна Пилипушко.

«АС» компаниясы 18 жыл нарықта бар, өткен жылы фирма өзінің балық шаруашылығын ашты, онда форель өсіреді. Жазда Ертіс өзенінде жалпы ауданы 504 шаршы метр 17 понтон орнатылды,үш жарым тоннадан астам шабақ әкелінді. Бүгінде компанияның ассортиментінде форель, майшабақ, теңіз қырыққабаты және уылдырықтың 11 түрі бар.

Табиғи өнімдердің нарқы бөлек!


Жаңадан келгендерге сәттілік әркез серік болады және оны Астанадан келген «The CHEF delicatessen» ЖК дәлелдеді. Гастро-лавканың негізін қалаушылар- аспаз Артем Марченко мен жұбайы Екатерина Карих. 2018 жылы ерлі-зайыптылар «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауында күш сынауға шешім қабылдаған. 

«Көпшілікті республикалық кезеңге өтудің өзі бір мәртебе дейді. Біз тек жеңіске жетеміз деп келдік»,- дейді Екатерина Карих. 

Кез келген аспаз сияқты Артем де ет таңдаудағы қиындықтарға тап болыпты. Және көп ойланбастан, Қазақстанда неміс әдісімен жұмыс істеу тәжірибесін қолданады.

«Негізінен мейрамханалармен жұмыс істейміз, - деді Екатерина. - Біздің өнімді тек Астанада ғана сатып алуға болады, екі фирмалық дүкеніміз бар».

Азық - түлік сақтау мерзімі аз -7 күн. Көптеген адамдар табиғи еттің бағасы туралы қиялға беріледі. Бірақ Екатеринаның айтуынша, дүкендерде зейнеткерлерді жиі кездестіруге болады.

«Бізді сапа үшін таңдайды. Бүгінгі баға қолжетімді, табиғи пісірілген шұжық 1 500 теңгеден», - дейді ол.

Байқаудың тағы бір ерекше қатысушысы Ақмола облысының омарташысы Анатолий Добровольский болды. Оның сөресінің жанындағы кезек тек түскі ас кезінде сейіле бастады, келушілер бал дәмін татып, таңдайларын қағып жатты.

«Омарташылықпен 4 жыл айналысамын. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп жатыр, мен елімізде осындай тауарлар өндіріледі деп ойламаппын», - дейді өндіруші.

Кәсіпкерлер – көрмеге қатысушылар тек өздерінің тауарларын таныстырып қана қойған жоқ, сонымен қатар екі күндік шеберлік сабақтарына қатысты. В2В кездесулер  серіктес табу мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Екі күндік қызу жұмыстан кейін комиссия финалистерді таңдады.

15 қазан күні таңғы сағат 9-да www.altynsapa.kz сайтында онлайн-дауыс беру басталады, онда кез келген адам «Қазақстанның үздік тауарын» 27 финалистің ішінен таңдай алады. Жеңімпаздар желтоқсан айында марапатталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер