astana-view

Кәсіпкерлерді ЕАЭО актілерінің реттеушілік әсерін талқылауға шақырады

2018 жылғы 18 Қазан
2419 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының «Тауарлардың жекелеген санаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімін белгілеу туралы» шешімінің жобасын, сондай - ақ халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбелерін жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды. 

Осы стандарттарды ерікті түрде қолданған жағдайда Кеден одағының «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарын сақтау және зерттеу (сынау) мен өлшеудің ережелері мен әдістері қамтамасыз етіледі. Оның ішінде Кеден одағының «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарын қолдану және орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыруға арналған қажетті үлгілерді іріктеу қағидалары бар.

Құжаттар жобаларын Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында мына сілтеме бойынша көруге болады:

http://docs.eaeunion.org/ria/ru-ru/0103200/ria_11102018, http://docs.eaeunion.org/pd/ru-ru/0103178/pd_03102018.

Талқылау  2018 жылдың 11 қазанынан 10 қарашасына дейін өтеді,

Тізбелер реті бойынша 2018 жылдың 8 қазанынан-22 қарашаға дейін өтеді.

Толық ақпаратты мына департаменттер арқылы алуға болады:

Кедендік әкімшілендіру департаменті  М.Е.Арикпанова 8 (7172) 919-341

m.arikpanova@atameken.kz   

Техникалық реттеу департаменті  М.Т.Бектұрсынова 8 (7172) 919-330

m.bektursunova@atameken.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер