astana-view

«Бизнесті құтқару қызметі» алматылық кәсіпкерге көмектесті

2018 жылғы 25 Қазан
2500 просмотров

Кәсіпкерлердің сұрауы бойынша шағын және орта бизнесті қолдау сервисі Алматыда іске қосылды

Енді Алматы кәсіпкерлері республика бойынша бірыңғай 1432 қысқа нөміріне қоңырау шалып, туындаған мәселе жайында  хабарлауы жеткілікті. Жедел топ кәсіпкерлерге кеңес беріп қана қоймай, қажет болса, тез арада объектіге келіп, кәсіби көмек көрсетеді.

Алматы қаласындағы жедел топтың бірінші шақыртуы бүгін болды. Ойыншықтар дүкенінің иесі Азамат Абдрахманов («Kinderstore Almaty» ЖШС) Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы қызметкерлері жоспардан тыс тексерумен келгеніне шағымданды.

 Кәсіпкердің айтуынша, Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің өкілімін деп таныстырған ер адам одан құқық белгілеуші құжаттарды талап еткен. Осы ретте тексеруші өзін өкілетті тұлға екенін растайтын құжаттарды (қызмет куәлігі немесе тексеру тағайындалғаны туралы акт) көрсетпеген. Кәсіпкерден қажетті жауапты алмаған мемлекеттік орган қызметкері тексерумен тағы келетінін ескертті.  

Кәсіпкерлердің  құқықтары бұзылғаны туралы фактіні растау және орын алған жағдайға егжей-тегжейлі талдау жүргізу, психологиялық және заңгерлік көмек беру, бизнеске қатысты заңсыз санкцияларды тоқтату  мақсатында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының жедел тобы сауда нүктесіне жылдам жетті. «Kinderstore» дүкені қызметкерлеріне түсіндіру жұмысы жүргізіліп, «Qamqor» мобильді қосымша туралы ақпараттық материал берілді.

Кәсіпкерге деген қысымды жою үшін Алматы ӨКП өкілінің жеке байланысы деректері берілді.

Айта кетелік, «Бизнесті құтқару қызметін» «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырды. Пилоттық жоба Астанада іске қосылды. Жедел топ құрамына Ұлттық палата, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар, ІІМ және Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері кіреді.  

«Бизнесті құтқару қызметі» күнделікті сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету (шаштараз, дәріханалар, туристік агенттіктер, киім тігу және жөндеу), сервис (тамақ жеткізу, сауда) саласындағаы кәсіпкерлерге, сонымен қатар кез келген жөндеу және монтаж жұмыстарын жүзеге асыратын, үй шаруашылығын жүргізетін кәсіпкерлер үшін жұмыс істейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер