astana-view

Бизнесмендердің мәселелерін шешуде кім кедергі?

2018 жылғы 26 Қазан
- Қарағанды облысы
8151 просмотров

Бұл мәселе Қарағанды облысы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің облыстық прокуратура алаңында өткен 19-отырысында талқыланды.

 Жиын жасырын өткен «сыбайлас жемқорлық кәсіпкерлердің көзімен» сауалнама қорытындысын айтуымен басталды. Аталмыш жасырын сауалнаманы Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы жүргізді.

 Анықталғандай, сауалнамға қатысқан 1500 кәсіпкердің жартысы сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған. Ал сыбайлас жемқорлық сауалнама жүргізгендердің 14 пайызына «көмектескен» екен.

  «Сұралғандардың небәрі 13,8%-ы сыбайлас жемқорлық салдарын хабарлап, өздерінің жеке байланыс деректерін беруге дайын. Бұл көрсеткіш кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға деген сенімсіздігін, күрес әлі де қажетті деңгейде жүргізілмей тұрғанын айқындай түсуде», – деді ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы  Азамат Даненбаев

 Күн тәртібіндегі тағы бір мәселе – қылмыстық істерді ашуда әуре-сарсаңға салу, уақыт созу. Кәсіпкерлер шағымдарды полицейлер әрекетіне қатысты түсірді.  

 Атап айтқанда Жезқазған қаласының кәсіпкері Владимир Егоров қылмыстық істің шешілмей тұрғанына тап болды. Кәсіпкер өтінімді  үлкен мөлшерде ақша ұрлау туралы арыз түсірген. Кәсіпкер кінәлілерді жауапкершілікке тартылуын қалайды.

Кездесуде екінші рет кәсіпкерге қатысты іс-әрекеттердің заңдылығына байланысты істер қаралды. Шахтинск  қаласында жұмыс істейтін жеке кәсіпкер өз тауарын ЭСКПО көрмесіне қоймақ болады. Уақыт өте келе оның атына қылмыстық іс қозғалғанын кездейсоқ біледі. Кейін кәсіпкер істің тоқтатылуына қол жеткізді, алайда бизнес шығынға батты. Осы ретт бір де бір өкілетті тұлға жауапкершілікке тартылған жоқ. Осылайша «Хамзина» жеке кәсіпкерлігіне қатысты қылмыстық істі қозғаған және оны жапқан тұлғаларға ешқандай шара қолданбаған, деп айтылды Кеңес отырысында.

  «Хамзина» жеке кәсіпкерлігінің өтініміне қатысты біз облыстық прокуратурадан жауап алдық, прокуратура шешімдге шағымданды. Қазір бұл іспен Бас прокуратура айналысып жатыр. Ал Жезқазған қаласында тұратын кәсіпкердің шағымы бойынша түйткіл бар. Бұл орталық полиция бөлімінің қателігі деген уәжбен келісеміз. Арыз процестік шешім қабылдау мақсатында Жезғазғанға жіберілуі тиіс. Осыған байланысты істі Жезқазғанға жөнелтеміз», – деді Қылмыстық тергеу басқармасы директорының орынбасары Эльдар Тұрсынов.

 «Әрине заңсыз әрекеттер бойынша шағымдар бар. Егер түйткіл болса, бірге шешейік», – деді ӨКП қызметкерлеріне Қарағанды облысының прокуроры Марат Сексембаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер