astana-view

«Атамекен» қатысатын микроқаржылық  ұйымдар еліміздің барлық өңірлерінде пайда болады

2018 жылғы 30 Қазан
4134 просмотров

МҚҰ бизнесті жеңілдікпен ашуға қарыз беретін болады. Оның ішінде  «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында да іс-шаралар қарастырылған.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында мәлімдеді.

«Биылғы жылы жаңадан іс бастаған кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін бағдарламаның қарыз алушыларының ішінен жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер алынып тасталды. Сонымен қатар екінші деңгейдегі банктердің пікірінше, бағдарламаның ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге бағытталуы кредиттердің қайтарылмау тәуекелін арттырады. Бұл шара банктердің бағдарламаға қатысуын айтарлықтай қысқартты», - деді Тимур Сүлейменов.

Осыған байланысты ағымдағы жылы «Атамекен» банктерді қаржыландыруды айналып өту үшін өңірлерде жеңілдетілген кредит берудің баламалы инфрақұрылымын құруды ұсынды.

Тимур Сүлейменов қазіргі уақытта «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының қатысуымен микроқаржы ұйымдары Қостанай, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облысында құрылғанын хабарлады.

Осы жылдың соңына дейін қосымша 10 микроқаржы ұйымы (Ақмола, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары) құрылады. Бұл шара қалалардағы қарыз алушылардың қаржылық қаражатқа қолжетімділігін арттырады.

«Банктерді айналып өту үшін шағын несиелеудің баламалы схемасы енгізілуінің арқасында қатысушылар санаты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлермен тағы да толықтырылатын болады. Сонымен қатар, шағын несие алушылардың жұмыс орындарын ашу талаптары төмендейді», - деп түсіндірді Тимур Сүлейменов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер