astana-view

«Сырым» шекара бекеті бұрынғы режимде жұмыс істейді

2018 жылғы 01 Қараша
4873 просмотров

Бұл туралы шекара бекетіне арнайы барған Батыс Қазақстан облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының м.а. Ербол Иденов хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 22 қазаннан бастап Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Сырым» шекара бекетінде жүздеген фура көлігі жиналып қалған болатын. Көліктердің ең көп жиналған күні 29 қазанда тіркелген.

Осы күні учаскеге тез бұзылатын азық-түліктерді тасымалдаушы - кәсіпкерлердің шығынына және осыған байланысты шарттық міндеттемелердің бұзылуына, соның салдарынан ар-ождан, беделге нұқсан келтіруі мүмкін жағдайды реттеу мақсатында арнайы мониторингтік топ құрамында «Атамекен» ҚР ҰКП Батыс Қазақстан облысындағы өкілдері келді. Жүргізушілер 24 сағаттан астам уақыт көліктерінің тоқтап тұрғанын айтты.

Бұған дейін хабарланғандай, кептеліске ҚР Қаржы министрлігі мен Шекара қызметінің «ЕАЭО шеңберіндегі тауарлар мен жүктердің мониторингі туралы» бұйрығының күшіне енуі себеп болды. Бұл заң жауапсыз кәсіпкерлермен күресуге бағытталған. Батыс Қазақстан облысы МКД басшысы Алмас Әбжаппаровтың айтуынша, тексеру процедурасы екі минутты құрайды. Мемлекеттік органның ақпараты бойынша мұндай жағдай маусымдық сипатқа ие.

29 қазан күні Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ғимаратында «Сырым» шекара бекетінің түйткілді мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Кеңеске қатысушылар оның мерзімін қысқарту және ықтимал сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау мақсатында кедендік бақылау рәсімін цифрландыру туралы ұсыныстар енгізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер