astana-view

Өзін-өзі реттеу мәселелері Комитет отырысында талқыланды

2018 жылғы 02 Қараша
3114 просмотров

Бағалаушылар мен заңгерлердің өзін-өзі реттеу тәжірибесі «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы комитетінің отырысында  талқыланды

«Атамекен» ҚР ҰКП Өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі комитет төрағасы Ұлан Байжанов жиынды ашып, бағалау қызметі мен заңгер кеңесшілері қызметінде міндетті өзін-өзі басқару тәжірибесін қарастыруды ұсынды.

«Өзін-өзі реттеу туралы Заң 2016 жылы қолданысқа берілді. Міндетті өзін-өзі реттеуге бірінші болып бағалаушылар мен заңгерлердің қызметі өтпек. Бағалау саласы туралы айтатын болсақ, соңғы екі жыл ішінде қарқын байқалуда, атап айтқанда бағалаушылардың өкілеттілігі кеңейтіліп, мемлекеттік лицензиялар алынып тасталды. Алайда түйткілдер осымен біткен жоқ», – деп атап өтті Ұлан Байжанов.

Жиын барысында Бағалу палаталары өкілдерінің бағалау қызметі саласына өзін-өзі реттеудің ағымдағы жағдайы және өзін-өзі реттеу туралы заңнаманы жүзеге асыру мәселелері жайында ақпараты тыңдалды.

 Комитет төрағасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің мәселелерін шешуге арналған диалог алаңы екенін атап өтті.

 «Bagalau Qazaqstan» Қазақстанның орталық бағалаушылар бірлестігі» өзін-өзі реттейтін ұйым» бағалаушылар палатасы Басқармасының мүшесі Александр Калининнің айтуынша, саладағы мәселе бағалау қоғамдастығын бірнеше өзін-өзі басқаратын ұйымдарға бөлуден  орын алған.

 «Бүгінде  біз стандарттарды құру бойынша шоғырландырылған пікір білдіруіміз керек. Түйткілді мәселелерді бірге жазып, бірге талқылауымыз керек», – деді Александр Калинин.

Қазіргі таңда Қазақстанда ресми түрде 4 бағалаушы палата жұмыс істейді, оның әрқайсысы 300-ден кем емес бағалаушылар – жеке тұлғаларды біріктіріп отыр.

 «Кәсіби тәуелсіз бағалаушылар палатасы» өзін-өзі реттейтін ұйымның»  Бағалау палатасы кеңесінің төраймы Мария Барнаева толық бірігуге қарсы шықты. Оның пікірінше ұйымдардың әлі тәжірибесі аз.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Басқрама Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов шоғырландырудың қажеттілігін атап өтті.  

«Бірігуге дайынсыздар ма? Бұл үдеріс сіздерге бір палатаға айналуды талап етпейді, стандарттар құру және дау-дамай жағдайларды шешу үшін жоғарғы арбитраж ұйымын ұйымдастыру мәселелері бойынша ортақ пікір болу керек. Ал аталған сұрақтарды төрт түрлі пікірмен шешу – қиын. «Атамекен» тарапынан ары қарай қалай жұмыс істеу керектігі бойынша ұйымдастырушылық және әдістемелік ұсынымдар беруге дайынбыз», – Рустам Жүрсінов.

Өз кезегінде бағалау қоғамдастығы стандарттау, әдістеме және өзін-өзі реттеу институтын ары қарай жетілдіру бойынша мәселелерді шешу үшін бірігуге қарсы болмады.

 Жиында кәсіби бағалау қызметі, халықаралық стандарттар негізінде  бағалауды стандарттау, бағалушылар тізілімінің өзектілігі, сонымен қатар бағалау қызметіндегі салық салуға заңгерлердің қатысу мәселесі көтерілді.

«Кәсіби бағалаушылар қызметінің салық салу режимін кәсібилердің бөлек салық режиміне шығару керек», – деді Рустам Жүрсінов.

Талқылау қорытындысы бойынша мүделлі субъектілерге бағалау қызметі және заңгерлік көмек туралы қолданыстағы заңнамаларға талдау жүргізу, сонымен қатар қолданыстағы заңнамаларға өзгертулер енгізу үшін ұсыныстарды жинақтап, ҰКП-ға жіберу ұсынылды.

 Ұлттық палатаның жауапты құрылымдық бөліміне ұсыныстарды талқылаудан кейін бағалау қызметінде қолданыстағы мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарды ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Қаржы министрлігіне жіберу тапсырылды.

 Бұған қоса жиын барысында заңгерлердің өзін-өзі реттеу жүйесіне өту сұрақтары талқыланды. Өзін-өзі реттеу туралы заңнаманы жүзеге асыру жұмысы туралы ақпаратты «Kazakhstan Bar Association» коммерциялық заңгерлер алқасы» РҚБ директоры Әйгерім Қойшыбаева хабарлады.

 Осы ретте Комитет төрағасы Ұлан Байжанов кәсіпкерлер мен кәсіптік қоғамдастықтың өзін-өзі реттеу мәселесі бойынша кері байланысына назар аударды:

«Біз Комитет отырыстарын тұрақты түрде жүргізуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда Комитет мүшелері мен барлық мүдделі субъектілерден өзін-өзі реттеу институтын жетілдіру бойынша ұсыныстарын күтеміз»

 Оның айтуынша, Комитет өзін-өзі реттеу жүесіне кедергі келтіретін себептерді зерттеп, талдағаннан соң алынған ақпаратты сәйкес мемлекеттік оргнадарға жібереді.

 «Түйткілді мәселелерді шешу үшін барлық мүдделі тараптарды осы алаңға шақыра аламыз. Содан кейін өзін-өзі реттеуді тежейтін факторлар туралы мемлекеттік органдарға хабарлаймыз», – деді Ұлан Байжанов.

 Айта кетелік, Комитет жұмысына бағалаушылар, лифт қызметі, қазақстандық регистр, экология, энергетика аудиторлары және салық консультанттары бірлестіктерінің өзін-өзі реттеу ұйымдарының өкілдері қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер