astana-view

«Теңізге кім барады?» Кеме қатынасы компаниялары кадр мәселесі туралы мәлімдейді

2018 жылғы 03 Қараша
5283 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының логистика және тасымалдау комитетінің Су көлігі жөніндегі кіші комитетінің отырысында кадр мәселесі көтерілді.

Кіші комитеттің төрағасы Николай Юдиннің айтуынша, 2018 жылы Ұлттық палата деңгейінде екі кәсіби стандарт бекітілген.

«Олар «Теңіз кемелері мен ішкі суда жүзетін кемелерді жүргізу (кеме жүргізуші)» және «Теңіз кемелері мен ішкі суда жүзетін кемелердің энергетикалық қондырғыларын пайдалану (кеме механигі)». Біз енді басқа кәсіби стандарттарды әзірлеу және бекіту бойынша жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз», - деді Николай Юдин.

Теңіз саласында теңізшілердің жұмысын нақты регламенттейтін халықаралық стандарттар бекітілді. Бұл теңізшілерге диплом беру және вахта жұмысын атқару ережелері (ПДНВ). Осы Ережелерге сәйкес, кәсіби диплом алу үшін студенттің кем дегенде 12 ай теңіз тәжірибесінен өткендігін растайтын құжаты болуы тиіс, деп хабарлады «KAZLOGISTICS» Қазақстанның көлік Одағы бас директорының орынбасары Қанат Мұқышев.

«Дегенмен, іс жүзінде, кеме қатынасы компаниялары қазақстандық студенттерді жұмысқа қабылдау кезінде олардың жүзу тәжірибесінің жоқтығына тап болады. Сонымен қатар, «сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» ҚР Заңының 25 - бабы бойынша қазақстандық теңізшілердің кемелер экипаждары құрамында шетелдік мамандарды ауыстырудың мүмкін нұсқаларына өзгерістер енгізу арқылы жұмыс жүргізу қажет», - деп атап өтті Қанат Мұқышев.

Оны Қазақстан-Британ техникалық университетінің базасындағы «Қазақстан теңіз академиясының» басқарушы директоры Дмитрий Ковтуненко қолдады.

«Теңіз көлігі саласының кадрлық әлеуетін дамыту бірлескен күш-жігерді талап етеді. ҚТА мамандарды даярлау бойынша бірнеше рет тәжірибемен және бағдарламалармен бөлісуді ұсынды, бірақ осы ұсыныс бойынша елдің оқу орындарынан  ешжауап болмаған», - деді ол.

Қазіргі уақытта ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне жүзу практикасын ұйымдастыру бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісінің функциясын беру туралы жұмыс жүргізілуде, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі Олжас Шоқаев.

«Салада теңіз мамандарын даярлау бойынша білім беруде шешілмеген мәселелер көп. Бұл бағытты дамыту қажет пе, жоқ па, қысқа уақытта шешу қажет. Сондықтан да Ұлттық палата ҚР Үкіметіне «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» ҚР Заңының 25-бабы бойынша оқуға гранттардың тізімі мен құнын арттыру және ИМО Ақ тізіміне кіру шараларын көрсете отырып, өтініш жасауға бастамашылық еткен орынды санаймын», - деді Қазақстан-Британ техникалық университетінің ректоры Кенжебек Ибрашев.

«KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік Одағы төрағасының орынбасары Юрий Лавриненко ҚР ИДМ ақ тізімге кіру, теңіз көлігі мамандарын оқытуға гранттар санын арттыру, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын халықаралық талаптарға сәйкес келтіру мәселелері бойынша қолдау көрсету қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ отырыста отандық кеме қатынасы компанияларын қолдауға арналған ұсыныстарды орындау мәселелері талқыланды. «Атамекен» ҚР ҰКП Президиумының логистика комитетінің кеңейтілген отырысында әзірленген ұсыныстар аясында қазіргі уақытта кеме қатынасы туралы Келісім жобасын мемлекетішілік келісу рәсімдері жүргізілуде.

«Бұл ауқымды іске қатысы бар мемлекеттік органдар кеме қатынасы туралы Келісім жобасын мақұлдады. Ресей тарапының ұсынысы бойынша 2018 жылғы 22 қарашада Мәскеу қаласында өтетін Көлік аптасы аясында аталған Келісімге қол қою жоспарланып отыр», - деп атап өтті ҚР ИДМ Көлік комитетінің өкілі Қасым Тілепов.

Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Логистика және тасымалдау департаментінің директоры, басқарушы директоры Рустан Дженалинов ҚР ИДМ 2017 жылы «өз жүгі – өз флоты» қағидаты бойынша теңіз тасымалы нарығының отандық субъектілерін қолдау бойынша Бағдарламаны әзірлеу және қабылдау ұсынылғанын атап өтті. «Атамекен» ҚР ИДМ-не тиісті сұраныс жасады, деді Р. Дженалинов.

Қасым Тілеповтың айтуынша, министрлік нормашығармашылық қызмет аясында қажетті жұмыстар жүргізді. Атап айтқанда, «көлік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасына түзетулер ұсынылды, деді Қасым Тілепов.

«Биылғы жылы ҚР ИДМ порттық қызметті дамыту мәселелерін пысықтауға баса назар аударды. Сонымен қатар, аталған заң жобасын әзірлеу шеңберінде теңіз портының қызметтерін қысқарту бойынша нормалар ұсынылған, олар үшін ақы алынады. Бұл ретте, қазақстандық теңіз тасымалдаушылары үшін артықшылық тудыратын бірқатар нормалар негізінде ДСҰ және «Каспий теңізінің мәртебесі туралы» Конвенция шеңберіндегі бәсекелестік жөніндегі халықаралық нормалардың бұзылуына байланысты, оған сәйкес Конвенция елдері үшін порттық алымдар тұрғысында тең емес жағдайлар жасауға тыйым салынған. Сонымен қатар, ИДМ «Қазтеңізкөлікфлоты «ҰТКҚК» ЖШС экспорттық қатынаста теңіз тасымалында отандық компаниялар үшін жанар-жағармай материалдарына жеңілдіктер беру жөніндегі бастамасын қолдайды», - деді спикер.

Николай Юдин отырысқа қатысушыларға алғысын білдіріп, жыл соңына дейін 2019 жылға су көлігі жөніндегі Кіші комитеттің жол картасын қалыптастыру және қол қою жоспарланып отырғанын айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер