astana-view

«Атамекен» кәсіпкерлерге жүкті Қазақстанға дейін жеткізуге көмектесті

2018 жылғы 07 Қараша
2509 просмотров

 Қазан айының басында бірден бірнеше кәсіпкер Қазақстан территориясына америкалық тауық етін жеткізу мәселесімен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгінген

 Қыркүйек айының соңына қарай Ресейдің Брянск және Смоленск облыстары бойынша Ресей Ауыл шаруашылығын қадағалау қызметі мұздатылған тауық еті тиелген контейнерлерді тоқтатқан. Жүк Литвадан Беларусь территориясы арқылы Қазақстанға жеткізіліп отырған. Жүк қажетті ветеринариялық сертификатпен, сонымен қатар ҚР өкілетті органдарымен берілген тауарды елге кіргізу бойынша рұқсат қағаздарымен сүйемелденген болатын.

 Осыған байланысты азық-түлік қауіпсіздігі бойынша орын алған мәселені шешуді сұрап, «Қазақстан азық-түлік одағы» ЗТБ атынан  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына хат түсті. Ұлттық палата жүк жөнелтушілер, жүкті қабылдап алушылар және экспедиторлардың құқығы бұзылуына байланысты мәселені ЕАЭО нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес қарастыруды және тауарды жеткізу орындарына жіберуге мүмкіндік беруді сұрап, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Федералды ветеринарлық қадағалау қызметіне хаттар жолдады.

Кедендегі тәртіптің қатаң болуы Литвадан Қазақстанға деген желеумен Беларусь территориясы арқылы контрабандалық тауық етін тасу фактілері көбейіп кетуімен байланысты орын алған.

Жуырда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау қызметінен жауап келіп, онда Ресей тарапынан аталған тауарларды қазақстандық алушылар мекенжайына жіберу бойынша рұқсат берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер