astana-view

Талғат Доскенов: «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі дегеніміз- қайырымдылық емес»

2018 жылғы 14 Қараша
3994 просмотров

Қарағандыда «Компаниялардың әлеуметтік саясаты: даму тәжірибесі мен болашағы» атты республикалық оқыту семинар-кеңесі өтті, онда әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия кәсіподақтарының рөлі талқыланды.

Кездесудің басты спикерлерінің бірі «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов тыңдаушылардың назарын корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік мәселелеріне аударды.

Бүгінгі күні елімізде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жоқ.

«Түрлі деңгейдегі әкімдер, облыс басшылар компанияларға бейтаныс біреулерге көмек көрсетуін сұрап өтініш айтатынын атап өтті. Негізінде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік компаниялардың даму стратегиясының ішінде қалануға тиіс. Түсініктердің шатасуы пайда болды, билік пен бизнес корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік – демеушілік емес, меценаттық емес және қайырымдылық та емес екенін жете түсінбейді. Бұл-халықтың үлкен тобы үшін әлеуметтік өзгерістер жасауға бағытталған компаниялардың стратегиясы », - Талғат Қазкенұлы.

Әлеуметтік жауапкершілік- ұйым деңгейінде ерікті негізде шешімдер қабылдау мен басқарудағы қағидаттар мен саяси тәсілдер жүйесі, деп есептейді спикер.

«Бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі - бұл жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғамның дамуына, әлеуметтік, экологиялық және экономикалық салалардағы ерікті үлесі», - деп түсіндірді ол.

Талғат Доскенов мемлекеттің тікелей қолдауымен, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті дамыту басты міндеті санайтын мемлекеттік құрылым құру қажет, деп санайды.

«Осыған байланысты, «Атамекен» ҰКП бизнес-ортаның өкілі ретінде КӘЖ дамуындағы жүйелік тәсілді қалыптастырудың жетекші рөлін өзіне алуы тиіс. Біз орталық аппарат құрылымында осындай бөлімше құру мәселесін қарастыруды жоспарлап отырмыз», - деді Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер