astana-view

Қоғамға жан-жақты «кәсіпкердің портреті» керек

2018 жылғы 21 Қараша
4436 просмотров

«Атамекен» тауар, жұмыс және қызмет сапасын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлік субъектілерін тәуелсіз бағалаудың бірыңғай ақпараттық базасын құруды ұсынады.

Қазір Қазақстанда интеграцияланбаған, әр түрлі кезеңділікпен жаңартылып, бір-бірін қайталайтын 332 ақпараттық база бар. Кәсіпорындар мен  шығарылатын тауарлар туралы бір терезеден толық ақпарат алу мүмкін емес.

Ұлттық палата тұтынушылардың, бизнестің және мемлекеттің мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мемлекеттік органдардың деректер базасымен интеграцияланған Бірыңғай бизнес-тізілімді ашық түрде құруды ұсынады.

«База бизнес үшін де, мемлекет пен тұтынушы үшін де пайдалы болады. Бизнес өз клиенттері мен жеткізушілерін көре алады, олардың сенімділігін бағалай алады. Бұл кәсіпкерлердің жауапкершілігін арттырады. Тұтынушы қауіпсіз тауарлар мен қызметтерді оңай таңдай алады. Мемлекет бақылаудың тиімді жүйесін қалыптастырады, бизнесті және экономика салаларын дамытудың мемлекеттік саясатын әзірлеуге арналған сенімді статистикалық базасы болады. Жалпы, бизнес-тізілім жалған кәсіпкерлік, банкроттық, корпоративтік сыбайлас жемқорлық және бизнеспен орындалатын міндеттемелер фактілерін анықтауға мүмкіндік береді», - дейді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директоры Ербол Өстеміров.

«Атамекен» тізілімінің тиімділігі үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды бағалау индексін «сенімділік», «бизнестің адалдығы», «сақтық», «төлем тәртібі» сияқты көрсеткіштер бойынша енгізуді ұсынады.

«Біз бағалау жүйесін енгізудің халықаралық тәжірибесін зерделедік. Мысалы, ресейлік «СПАРК» жүйесі компаниялардың, контрагенттердің төлем қабілеттілігі мен сенімділігін тексеруге және бағалауға, кредиттік және салықтық тәуекелдерді басқаруға, маркетингке, инвестициялық талдауға, аффилиирленуді іздеуге бағытталған барлық компаниялар туралы сапалы деректерді қамтиды. Бұл жүйені бүгінде бизнес-қауымдастық, мемлекеттік органдар, тұтынушылар мен журналистер пайдаланады. 3 жыл ішінде ол бір күндік фирмалардың санын 3 есеге қысқартуға мүмкіндік берген», - дейді Ербол Өстеміров. 

Бірыңғай бизнес-тізілімді енгізу ақпараттық ашықтықтың Халықаралық рейтингтеріндегі мемлекеттің ұстанымын жақсартуға ықпал етеді. Ашық форматта деректерді орналастыру негізінде үкіметті бағалайтын Open Data Barometer рейтингісінде Қазақстан 2017 жылы 59 орынды иеленді. Ресей екі жыл ішінде 28 жолға жоғарыға көтеріліп, 13 орында тұр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер