astana-view

Эльдар Жұмағазиев: «Атамекен» Алматы базарларын жаңғыртудың жол картасын әзірлеуді ұсынады

2018 жылғы 23 Қараша
4791 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП-да «Мизам» сауда орнындағы даулы жағдайдың құқықтық бағасы берілді.

Базар иесі Досмұқан Керімбаев қолдау сұрап Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасына қайырылды. Бизнес құқығын қорғау - «Атамекеннің» басты міндеті, ұлттық палата тек адал кәсіпкерлердің мүддесін қорғайды.

Материалдарды зерделеп, Палата сарапшылары базар аумағында рұқсат құжаттары жоқ, 6 000 шаршы метр болатын контейнер түріндегі құрылыстар салынғанын анықтады. Кәсіпкер салған нысан бұрын келісілген КЛО құрылысы жобасында қарастырылмаған. Бұл үшін  мердігер «Север Тал» ЖШС-не айыппұл салынды, оны кәсіпкер өз қалтасынан төледі, күнәсін мойындады.

«Бұл мәселеде кәсіпкер тарапынан заң бұзушылық бар. Рұқсат беру құжаттарын алу және демонтаждау мәселесі заң аясында шешілуі тиіс», - деп есептейді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев.

Бұдан басқа, 2018 жылғы 21 қарашада фирма атына жер учаскелерін жалдау келісім шарттарын біржақты бұзу туралы екі хабарлама келіп түскен. Кәсіпкерге учаскелерді 15 күндік мерзімде босату талаптары қойылды.

«Жерді алып қою талаптары негізсіз деп есептейміз. Жер кодексіне сәйкес мәселе заңмен белгіленген процедуралар сақталғаннан кейін ғана сот тәртібімен шешілуі тиіс. Оның ішінде учаскені жалға алушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту бабы бар. Сонымен қатар, бұған дейін Алматы жер инспекциясы тексеріс жүргізіп, ешқандай заң бұзушылық анықталмаған. 2018 жылдың 20 қарашасында анықталғандай қардан тазартылмаған аумақ бөлігінде абаттандыру ережелерін бұзу өзге уәкілетті органның құзыретіне жатады, бұл маңызды емес және жерді жалға алу шартын бұзуға негіз бола алмайды», - дейді Эльдар Жұмағазиев.

«Атамекен» сауда базарларын қазіргі заманғы форматқа көшіруді қолдайды. «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңына тиісті өзгерістер енгізілді.

«Біз әкімдікке бірлесіп Алматы базарларын жаңғырту бойынша Жол картасын әзірлеп, қол қоюды ұсынамыз. Құжатта барлық базарларға нақты және түсінікті талаптарды, оларды жаңғырту мерзімдерін, шығындардың болжамды сомасын, базарлардың мамандануын және барлық ілеспе мәселелерді бекітуді ұсынамыз. Бизнес бастапқыда ол қандай жағдайда жұмыс істеу керектігін түсінуі керек», - деді Эльдар Жұмағазиев.

Кәсіпкер қаржылық шығын келтірген фактіні назарға ала отырып, «Атамекен» жағдайды барлық тараптардың мүдделерін ескере отырып шешуді ұсынады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер