astana-view

Сараптама қызметіне талапты күшейту ұсынылды

2018 жылғы 28 Қараша
2396 просмотров

 Бірыңғай жүйе мен мамандарды реттеу – құрылыс саласын жаңа деңгейге шығарады

Құырылыс саласының өзін-өзі реттеуге өту мәселесі «Атамекен» алаңында талқыланды. Қазіргі таңда құрылыс нарығы қайта реттелген, бұл жайт демпингке, мамандарды аттестациялау мен лецензиялау мәселесіне әкелді.

Жиын барысында «Сараптамалық ұйымдар палатасы» аккредиттелген сараптамалық ұйымдардың кәсіби қауымдастығының ағымдағы қызметі таныстырылды, сонымен қатар, құрылыс жобаларын жан-жақты жеке меншік сараптауды жүргізу саласында міндетті өзін-өзі реттеуді өтуге бағытталған іс-шаралардың орындалуы көрсетілді.

 «Ұлттық палата құрысшыларды өзін-өзі реттеу ұйымына өткізу жұмысын 2015 жылдан бері жүргізіп келеді. Бүгінде Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» ҚР ҰКП және Сараптамалық ұйымдар палатасымен  құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптауды жүргізу саласында өзін-өзі реттеуді енгізу бойынша бірлескен егжей-тегжейлі жоспар бекітілді. Қазіргі таңда реттеушілік әсер талдауы әзірленіп, халықаралық тәжірибе зерттелді», –  деді Сараптамалық ұйымдар палатасы Басқармасының төрағасы Бірлік Ережепов.

 Алайда кәсіби қоғамдастық алдында сертификаттау және лицензиялау мәселесі тұр. 2016 жылдың басынан «Сараптамалық ұйымдар палатасы» сараптаманы адал орындамағаны үшін палатадан екі мүшені шығарып тастады. Жосықсыз мамандар тізілімі – өзін-өзі реттеуді енгізудегі бір қадам.  

 «Сертификаттауды жүргізу – басты мәселе. Қазіргі таңда сертификаттаумен Сәулет және құрылысты бақылау инспекциясы айналысады. Осы жерде біз мамандардың сәйкес келмеуін байқап отырмыз. Елімізде жылыту бойынша, құрылыс бойынша және басқа да бағыттар бойынша қорытынды шығара беретін әмбебап мамандар пайда болған. Осылайша бір маман 10 аталымға қорытынды шығара береді.  «Сараптамалық ұйымдар палатасы» енгізген стандарттар сараптамалық қорытындыларды әзірлеуді, сараптама жүргізуге арналған технологиялық процестердің өндірістік тәртіптері сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Алайда мұның да тиімділігі жүз пайызға емес», – деді Бірлік Ережепов.

ҚР Ұлттық жобалаушылар қауымдастығының вице-президенті Серік Рустамбеков аттестаттау талаптарын қатаң етуді ұсынып отыр.

 «Тәжірибе көрсеткендей, сәйкес тәжірибесі жоқ түлектер 1 категориялы лицензияларға ие болып отыр. Ал куәліктерді дүкендегі тауар секілді таратып жатыр», – деді Серік Рустамбеков.

    «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов сараптамалық ұйымдарды ғана емес, сондай-ақ сарапшылардың өздерін салалар бойынша реттеу тиімді болатынын атап өтті.

«Бұл шара мамандыққа енуді анағұрлым күрделендіреді. Жобаны маман жүзеге асырады және нәтижеге нақты тұлға жауап беруі тиіс. Мұндай шара  мамандардың бір ұйымнан екінші ұйымға өтуін шектейтін болады», – деді Рустам Жүрсінов.

 «Сараптамалық ұйымдар палатасы» ұсынысты қолдады. Осы ретте ауыспалы кезеңде жұмыс істеп тұрған сараптамалық ұйымдарды 1 ұйым базасында біріктіру орынды екені айтылды.

 Қазіргі таңда құрылыс үдерісіне ведомстводан тыс кешенді сараптама мамандарынан басқа сәулетшілер, жобалаушылар, мердігерлер мен инженерлер қосылған.

 Рустам Жүрсінов жиынды қорытындылай келе, Ұлттық палата аталған салаларда еркін түрде өзін өзі реттеуді енгізу мәселесі бойынша ұсыныстарды күтетіні жайында атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер