Сапаға емес, баға принципіне негізделген сатып алулар жүйесі талқыланды
Қазақстанда қолданыстағы мемлекеттік сатып алулардың жүйесі жетілмеген, және қайта қарауды талап етеді – қазір жүйе сапа емес, баға принципіне негізделген. Нәтижесінде тапсырыс беруші мен мердігер «мәміленің экономикалық тиімсіздігі» тұзағына түсіп отыр. Республикалық конференция барысында сатып алулар моделін қалай жетілдіру керектігі жөнінде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов ұсыныс айтты.
Қостанайда «Автожол саласында сыбайлас жемқорлық салдарын алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында конеференция өтіп жатыр.
«Негізгі мәселелердің бірі – демпинг шектері. Оған анық мысал: құрылыс саласы. Бұл салада заң жүзінде белгіленген тарифтерге қарамастан құнын түсіру үдерісі жүріп жатыр. 2015 жылы қабылданған демпингке қарсы шаралар кері әсер етіп, айла ойлаған жеткізушілерге бағаларды жасанды түсіруге мүмкіндік берді. Нәтижесінде мұндай әрекеттер жұмыс сапасының төмендеуі, тапсырысты орындау мерзімін бұзу, түрлі «көлеңкелі» схемаларды пайдалану, бюджеттік қаражатты құртуға әкеп соғады. Осыған байланысты Ұлттық кәсіпкерлер палатасы демпингтің ең төменгі шегін қарау бойынша ұсыныстар берді. Біз оларды Мемлекеттік сатып алулар туралы Заңы деңгейінде бекітуді ұсынамыз», – деді Рустам Жүрсінов.
Тағы бір мәселе – сатып алулардың бір көзден жүргізу айтарлықтай басым болып отыр. Бұл бірдей мүмкіндіктер және адал бәсекелестік принциптерін бұзатын жайт деп санайды Рустам Жүрсінов. 2018 жыл 1 қазанға сәйкес Қазақстанда осы әдіспен жалпы сомасы 2,6 трлн теңге болатын 2,5 млн сатып алу жүргізілген. Бұл сатып алулардың жалпы көлемінің 73%-ын құрайды. Осыған байланысты Ұлттық кәсіпкерлер палатасы депутаттардың: егер байқау жүргізе аспаса, онда бір көзден алу тәсілімен сатып алу жүргізілмейді деген ұсынысын қолдады.
«Қосалқы мердігерлерге де, негізгі жеткізушілерге де осындай талаптар қойылуы тиіс. Бұл көпке таралған, атап айтқанда мұнай-газ саласында кең етек жайған халықаралық практика. Жеткізушілердің есептерінде олардың қосалқы мердігерлері жүргізген жұмысы көрсетілуі керек, – деді Рустам Жүрсінов.
Спикердің пікірінше, жүйелі мәселелерді шешудің бір жолы – алдын ала біліктілік іріктеуін жүргізу, мұндай шара сатып алуларда әлі болмаған. Ал бұл жүйе 2016 жылы енгізіліп, «Самұрық-Қазына» қорында сәтті қолдануда. Қазіргі таңда «Самұрық-Қазына» қорымен алдын ала біліктілік іріктеуін жүргізу шеңберінде компаниялардың аудитін Ұлттық кәсіпкерлер палатасына тапсыру туралы келісімге қол жеткізілді.
«Негізгі міндет – сапа, ресурстар және жеткізушілер әлеуетін бағалауға бірыңғай тәсіл есебінен бизнеске түсетін ауыртпалықты төмендету. Заң жобасы аясында Ұлттық палата сатып алулар бойыннша Бірыңғай қолжетімділік нүктесін қалыптастыруға арналған ақпараттық жүйелерді біріктіру бойынша ұсыныс жасады. «Нарық мониторингі және сараптама орталығы» ЖШС базасында «Сатып алулардың бірыңғай терезесі» жобасын жүзеге асыру жұмыстары басталды», – деді Рустам Жүрсінов.
Бұл портал бір тезере арқылы 5 сатып алу алаңын қарастыруға мүмкіндік береді. Әлеуетті жеткізушілер оларды қызықтыратын сатып алулар бойынша барлық қажетті ақпаратты салалар, өңірлер, бағалар мен көлемдер кескінінде ала алатын болады. Жүйе бағалалар дәлізін көруге, сонымен қатар нақты тауар және сатып алуды ұйымдастырушылармен болатын тәуекелдер аймақын анықтауға мүмкіндік береді.
Рустам Жүрсіновтың пікірінше, Қазақстанда жалпы сатып алулардың ағымдағы практикасы халықаралық практикаға кереғар. Әлеуетті сатып алушының төмен бағаға бағдарланған таңдауы жеткізушіге де, тапсырыс берушіге де қиындық тудырады.
Осы ретте Еуродақ елдерінде шарттардың негізі ауқымы бағалар критерийлері негізінде жасалмайды. Байқауда ең төмен баға белгілеген жеткізуші емес, Scoring Model бағалау моделіне сәйкес ең жоғары балл жинаған жеткізуші жеңіске жетеді.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үздік тәжірибені Қазақстанда пайдалану мүмкіндігін бағалау мақсатында шетелдік заңнамаға терең талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Жиын қорытындысында Қазақстан кәіпкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Хартиясын жүзеге асыру үшін «Атамекен» ҚР ҰКП, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ арасында Жол картасына қол қойылды. Жол картасы шеңберінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдерді, корпоративтік басқару стандарттарын, корпоративтік этика кодекстерін және сатып алудың ең жақсы әдістерін енгізу бойынша ерікті міндеттемелерді қолға алмақ.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: