astana-view

Жобалау ұйымдарының қызметінде әкімшілік кедергілер көп

2018 жылғы 30 Қараша
3458 просмотров

  Қазақстанның жобалау ұйымдарының қызметінде әкімшілік кедергілерді азайту 29 қараша күні өткен «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында маңызды мәселеге айналды.  

 Іс-шараға құрылыс секторы, бейінді ведомстволар, «Атамекен» ҰКП өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар қатысты.  

 «Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңес жобалау ұйымдарының бірнеше өтінімін қарады. Мәселе Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 312-бабында, онда жобалау құжаттарын құру бойынша қызмет көрсететін компания жауапкершілікке тартылады, бұл 1,7 млн теңгеге дейін баратын айыппұл немесе лицензиядан айыру шаралары моральды тұрғыда ескірген», – деді  Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің хатшысы Батыржан Ашитов.

Оның айтуынша, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 312-бабы Қазақ ССР-дың 1984 жылғы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінен көшірілген. Аталған жауапкершілік 206-1-бабында: «Сәулет-қала құрылысы саласындағы заңнаманың және мемлекеттік нормативтік актілердің талаптарын бұза отырып, зерттеу, жобалау, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу, құрылыс материалдарын, бөлшектер мен конструкцияларды өндіру және пайдалану» бекітілді.

 Өз кезегінде бейінді ведомство өкілі Заң бойынша қателік үшін жауапкершілікті жобалаушылар ғана емес, сонымен қатар жобалау құжатын қабылдайтын сарапшылар да көтерітінін алға тартты.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің нормаларына сәйкес жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама жасау бойынша сарапшыларға қатысты бұзушылықты бірінші рет анықтаған кезде айыппұл түрінде және сертификаттың қолдануын 6 айға тоқтату ретінде жауапкершілік қарастырылған. Демек, жобалаушылардан гөрі сарапшыларға жазалаудың қатаң түрі қолданылады», – деді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жөніндегі комитет төрағысының орынбасары Алмаз Ыдырысов.

 Сондықтан тараптар алдында теңгерімді табу бойынша нақты міндет қойылды.

«Бұл жүйені өзгерту керек. Бірінші кезекте – қауіпсіздік мәселесі, бірақ бұл механизмді де жетілдіру керек. Бұған қоса  комитеттен (ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі комитет) мәселеге қауіпсіздік пен мемлекеттік мүдде тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар бизнес тұрғысынан да қарауды сұраймын. Бізге бір шешімге келу керек, өтйкені шағымдар түсіп жатыр. Біз қауіпсіздікті елемеу керек дегеннен аулақпыз, теңгерімді табу керек», – деді «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының кеңесшісі Қайырбек Сүлейменов.

 Оның айтуынша, аталған сұрақты шешуге депутаттық корпус жұмылдырылатын болады, ал қазір барлық шағымдарды топтастырып, құрылымдау және шешу жолдарын іздеу міндеті тұр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер