astana-view

ЕАЭО цифрлық саудасы бизнестің дамуын ілгерілете ме?

2018 жылғы 01 Желтоқсан
3438 просмотров

Қазақстан бизнесмендері Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық саудасын дамыту бойынша амалдарды қайта қарауды ұсынуда, оның  аясында еуразиялық цифрлық сауда экожүйесін құру көзделген

 Отандық кәсіпкерлер «Атамекен» ҰКП ұйымдастырған кездесу барысында техникалық регламент, біріктірілген деректер және «ЕАЭО серіктесі» механизмін қалыптастыруға қатысты түйткілді бірнеше мәселені көтерді.

 «ЕЭК цифрлық күн тәртібі бойынша оның негізінде ұлт деңгейіндегі түрлі нормативті актілерді әзірлей отырып, белсенді жұмыс жүргізілуде. Бізге 2019-2020 жылдарға арналған ЕАЭО цифрлық саудасын дамыту бойынша «Жол картасы» жобасы келіп түсті. Электронды сауда алаңдары бойынша экспортты айтарлықтай алға жылжытуға, сапалы импорттаушыларды тартып, жеке танылуға болады. Оң үдеріске қарамастан, бизнес-қоғамдастық жұмысын тежейтін кедергілер пайда болуда», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

 Жаңа құжатты талқылауды бастамас бұрын бизнес өкілдері ЕАЭО заңнамасында қолданылмаған,  бірақ «Жол карта» жобасында бар терминдер глоссариі мен түсіндірмесі болмауын алға тартты.

 «Глоссарий қажет, ең кемі мағыналарды анықтауды түсіну үшін бірыңғай тәсілдер керек», – деді Kaspi Bank өкілі.

Жиынның бірінші мәселесі ЕАЭО техникалық регламенттеріне сәйкес келмейтін тауарларды сататын шетелдік интернет-сайттардың ЕАЭО-да жұмысын шектеу тетігін құруды қозғады. Бұл шараны бизнес өкілдері наразылықпен қабылдады.

 «Шетелдік интернет-сауда алаңдары өз тауарларын ЕАЭО-ның техникалық регламенттеріне сәйкес келтіргенне гөрі нарығымызды жауып тастауды жөн санайды. Мәселен, әлемде ірі электронды сауа алаңдардың бірі  AliExpress-те Қазақстанның үлесі небәрі – 0,3%. Егер осы интернет-ресурс Қазақстанға қарай жабылатын болса, онда отандық интернет дүкендердегі бағалар 4-5 есе өсіп кетеді», – деді «Қазпочта» өкілі.

 Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері ЕАЭО техникалық регламентіне сәйкес келмейтін тауарлардың немесе техникалық регламенті жоқ цифрлық саудасы аясында өткізуде мүмкін болатын тәуекелдерді айтты.

Жиында көтерілген келесі мәселе біріктілірген деректердің еуразиялық  нарығын қалыптастыру болды.

  Бұл тақырыпты қозғай отырып, Қазпочта мен Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығының өкілдерінің айтуынша, бүгінде  Ресей мен Беларусьтан қарағанда Қазақстанда «интернет сауданың» біріктірілген деректер талдауын жүргізетін ұйым жоқ, сонымен қатар сол деректерді жинайтын әдістеме де қалыптаспаған. Бұған қоса, Ресей Федерациясында мұндай ұйымды Мемлекеттік Дума қаржыландырып, қолдау көрсетіп келеді.

 Жиын қатысушылары назар аударған тағы бір аспект «ЕАЭО серіктесі» механизмін қалыптастыруға қатысты болды. Аталмыш механизм: Аккредиттелген электронды сауда алаңдар тізілімі және Бақылану жүйесі негізіндегі тауарлар тізілімін құруды көздейді.

 Қаржы сектордың өкілдері болса, цифрлық сауданы жүзеге асыруда қандай да бір тізілімдерді құрудың мақсатсыздығы туралы мәселе көтерді:  

«Тізілімдер тек еркін түрде болуы керек және «ЕАЭО серіктесі» болуға ынталандыруы керек".

 Қатысушылар лицензиялау, постаматтар және ұсынылып отырған Жол каратасына «Бірыңғай терезе» механизмдерін енгізу туралы мәселелерді талқылады.

Кездесу соңында Юлия Якупбаева Жол картасы жобасын бизнеспен егжей-тегжейлі ойластыру және мүдделі бизнес өкілдерінің ұсыныстары мен ескертулерін ескере отырып, ЕЭК-ке жіберу мақсатында үйлестірілген позицияны қалыптастырудың қажеттілігін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер