astana-view

Тимур Құлыбаев: Холдингтер мен мемлекеттік органдарға сатып алулар бойынша KPI қажет

2018 жылғы 05 Желтоқсан
6384 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының кеңейтілген отырысында Тимур Құлыбаев осындай ұсынысты жария етті.

ҰКП басшысы Үкіметтің кәсіпкерлікті дамытуға қатысты қолдауын атап өтті. Дегенмен назар аударуды талап ететін мәселелер бар. Атап айтқанда өңірлерде жер телімдерін беруге байланысты қызметтерді цифрландыру мәселелері, сондай-ақ квазимемлекеттік секторды мемлекеттік сатып алу мен сатып алуға байланысты мәселелер.

«Біз арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қуатын барынша белсенді іске қосу үшін жұмысқа бірлесіп қосылуға тиіспіз, өйткені қаражат инфрақұрылымға бөлінді және түрлі арналар бойынша экономиканы әртараптандыруға бөлінетін ресурстар бар. Осыған байланысты квазимемлекеттік компаниялар мен мемлекеттік секторды сатып алуды белсенді пайдалану қажет. Бізге қандай жобаларды оқшаулауға болатынын көру үшін ұзақмерзімді сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар холдингтер мен мемлекеттік органдардың басшыларына арналған KPI орнату қажет», - деді Тимур Құлыбаев.

«Атамекен» басшысы отандық өндірушілерді қолдау мәселелері Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу тұрғысынан өзекті екенін айтты.  

«Көрші елдердегі ішкі инвестицияларға қолдау көрсетілуде. Бұл Ресей Федерациясына, Беларуське, Өзбекстанға қатысты. Бізге ЕАЭО аясында бәсекелестік қажет, оның үстіне ЕАЭО периметрі ішкі және сыртқы тауарлардың кіруі тұрғысынан неғұрлым анық, «көзбе-көз» болады. Инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау және осы бағыттағы жұмысты күшейту маңызды», - деді Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер