astana-view

«Атамекен» дамудың жаңа мақсатты моделін таныстырды

2018 жылғы 05 Желтоқсан
5049 просмотров

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Ұлттық палата Төралқасының кеңейтілген отырысында айтты.

Эльдар Жұмағазиев жаңа жылдан бастап «Атамекеннің» маңызды міндеті- өнімді қаржыландыру және өткізу мәселелерін шешуде бизнеске көмек көрсету болатынын атап өтті. Бұл үшін клиенттік бағдарлану, фокустану және жобалық тәсіл принциптері бойынша функционал құрылымы қайтадан құрылатын болады.

«Жұмыс үш кезеңнен тұрады. Біріншісі қаңтар айының басынан мамыр айының басына дейін өтеді. Біз 1,2 млн кәсіпкердің «ауласын» аралап шығамыз, бұл бірыңғай сандық база құруға мүмкіндік береді», - деді Эльдар Жұмағазиев.

Екінші кезең шеңберінде кәсіпкерлерге электронды сауалнама жүргізіліп, проблемалық мәселелерге талдау жасалады. Қорытынды кезең-кәсіпкерлердің жергілікті атқарушы органдармен және Үкіметпен бірлескен іс-қимыл жоспарын пысықтау. Эльдар Жұмағазиевтің айтуынша, «Атамекенде» арнайы қызметтер тізілімі, өнімдердің жеке төлқұжаттары, тиісті қызмет көрсету регламенттері пайда болады. 

ҰКП әр бағытқа арнап цифрлық шешім дайындайды. «Кредиттік агрегатор» сервисі қаржыландыруға арналған, өнімді өткізу үшін – «Жеткізушілердің, өндірушілердің және әлеуетті сатып алушылардың бірыңғай тізілімі» болады. «Atameken.Academy», ол бизнесті офлайн және онлайн режимде үйретеді. Ерекшелігі-бұл «топтамалық ұсыныстар» алаңы болмақ. Негізгі фокус - шағын және микро-бизнес, сондай-ақ бар орта кәсіпорындардың диагностикасы, оның ішінде қаржылық диагностика. Әрбір орта кәсіпорынның даму жоспары қорытынды ретінде жүреді.

«Біз фермерлердің жартысынан көбі біліктілігін арттыру қажеттігіне тағы да көз жеткіздік. Ақтөбе облысының скрининг нәтижелері 20 жылдық өтілі бар фермерлердің жыл сайынғы айналымы жылына 3-4 млн теңгеден аспайды. Олар өз бетімен тығырықтан шыға алмайды. Сондықтан, біз «Atameken.Academy» арқылы жергілікті кеңселері шеңберінде агробіліктілікті дамытуды бастаймыз.». Біз фермерлер алдында нақты талаптар қою керек деп санаймыз, атап айтқанда топырақты талдау, тыңайтқыштарды пайдалану, агротехнологияларды пайдалану, тұқымдарды жаңарту және жылу үнемдейтін технологияларды пайдалану. Субсидияларды осы шарттар сақталған жағдайда ғана бөлу қажет. Ал орындалмаған жағдайда мемлекет үшін жер учаскелерін алып қою құқығын қалдыру керек», - деді Басқарма мүшесі.

Эльдар Жұмағазиев Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен келесі жылы Ұлттық палата 20 млрд теңге алуды жоспарлап отырған «Бастау» жобасын жүзеге асыруға тоқталды. 2018 жылы бес әлеуметтік бастама аясында Мемлекет басшысы бизнесті шағын несиелеуге қосымша қаражат бөлді. Ақша өткен жылы «Бастау» түлектерінің жобаларын қаржыландыруға бағытталды, бұл 1 300-ден астам адам. 

«Келесі жылы олар әлдеқайда көп болады, себебі оқытылғандар саны екі есе артады, ал қаржыландыру деңгейі ағымдағы жылдың деңгейінде қалады», - деп атап өтті Эльдар Жұмағазиев.

Қалалардағы стартаптарды қаржыландыру мәселесі өткір күйінде қалып отыр. Микроқаржылық ұйымдар үшін «кіру билеті» қымбат, ал операциялық субсидиялар жоқ, деді Эльдар Жұмағазиев. Нәтижесінде МҚҰ жобаларды қаржыландыруға құлықсыз.

Ұлттық палата балама ретінде жеке микроқаржыландыру жүйесін дамытады.  «Атамекен» жанынан құрылған МҚҰ аясында төрт өңірде 7 млрд теңге көлемінде 1,5% қайтарымсыз пайызымен қаржылай көмек көрсетілді. Жыл соңына дейін ҰКП тағы 10 облыста осындай ұйымдар құруды жоспарлап отыр. 

Кеңес барысында кадрларды даярлау мәселесі көтерілді. Бүгінде дуалды оқытуға кәсіпорындарда студенттерді оқытуға дайын 2300 компания тартылған. Эльдар Жұмағазиев атап өткендей, ҚР БҒМ оқытуды практикалық негізге ауыстыру ұсынысын қолдады. Спикердің пікірінше, бұл колледждерге бөлінетін қаражатты босатып, тәлімгерлердің еңбегін өтеуге 10 млрд.теңге жұмсауға мүмкіндік береді.

«Біз бес жыл ішінде дуальды оқытуға 25 мың компания мен 300 мыңға жуық студент тартамыз. Жұмысқа орналасу деңгейінің төмендігін көрсететін колледждер мемлекеттік тапсырыстан айырылады», - деді спикер.

Келесі жылдан бастап барлық мектептерде «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін элективті түрде оқыта бастайды. Ол барлық өңірлерде пилоттық режимде іске қосылды.

«Қазір бағдарлама жоғары оқу орындары мен колледж оқушыларына бейімделеді. Идеясы қарапайым. Мысалы, оқыған кез келген стоматолог өз кабинетін ашып, өзін тамақтандырып, жұмыс орындарын құра алады», - деді Эльдар Жұмағазиев.

Ұлттық палата Басқарма төрағасының орынбасары «Атамекен» екі жыл бойы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын бағалау жұмыстарын жүргізіп келе жатқанын еске салды. 

«Бүгінгі таңда елімізде 2 мыңнан астам мамандық пен 108 ЖОО бар. 141 білім беру бағдарламасы бойынша жүргізілген талдау нәтижелері көрсеткендей, өз мамандығы бойынша түлектердің 35,5%  жұмыс істемейді», - деді спикер.

Қазіргі таңда Ұлттық палата ҚР БҒМ бірлесіп түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі төмен ЖОО лицензиясын қайтарып алу туралы жұмыстар жүргізіп жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер