astana-view

«Алтын сапа» жеңімпаздары Елбасының қолынан сыйлық алды

2018 жылғы 11 Желтоқсан
6634 просмотров

Елбасы  ҚР Президентінің «Алтын сапа» арнайы сыйлығының лауреаттарын марапаттады.

Биыл «AZALA Textile» ЖШС  «Үздік индустриалды жоба»  аталымы, «KazTechInnovations» ЖШС «Үздік инновациялық жоба» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

«AZALA Textile» ЖШС – ең жоғары деңгейдегі мақта-мата өнімдерін өндіретін халықаралық өндіруші компания. Мекеменің экспорт көлемі 65 пайызды құрайды.

«KazTechInnovations» ЖШС нарықта баламасы жоқ, 360 градуста түсірілім жүргізе алатын ORBI көзілдірігін шығарады.

Бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасаған өңірлер мен қалалар арасында биылғы үздік облыс- Қызылорда облысы. Ал аудандардың ішіндегі үздігі-  Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы шынайы уақыт режимінде 28 қазақстандық өндіріс ошағын іске қосты. Іске қосу рәсімі «Индустриалдандырудың екінші бесжылдығы. Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық телекөпірі аясында жүзеге асырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер