astana-view

Сарапшылар ЕАЭО цифрлық саудасы келешектігін талқылады

2018 жылғы 27 Желтоқсан
3528 просмотров

 Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында ЕАЭО цифрлық (интернет) саудасын дамыту және 2019-2021 жылдарға арналған ЕАЭО цифрлық саудасын дамытудың жол картасы бойынша ұсыныстарды талқылауға қатысты жиын өтті

Одаққа мүше 5 мемлекеттің (Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей) өкілдері құжаттарды әзірлеу дәрежесіне жоғары баға берді. Осы ретте мемлекеттік органдар тарапынан да, бизнес тарапынан да жою қажет болатын ескертулер айтылды.  

ЕАЭО Іскерлік Кеңесі Комитетінің цифрлық күн тәртібі жөніндегі төрағасы Владимир Басько Одаққа мүше мемлекеттер қаралып жатқан Жол картаның тармақтарын жүзеге асыруға дейін ақпараттандыру бойынша саясаттарды жақындастыру қажеттігін алға тартты. Сонымен қатар, шығарылатын өнімдерді экспорттау бойынша шаралар кешенін қарастырып қана қоймай, сондай-ақ импортты шектеуді де қамтамасыз ету маңызды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева осы мәселе жөнінде қазақстандық бизнес-қоғамдастықтың пікірін білдірді. «Бизнестің пікрінше, Жол картаның жүзеге асыруға ұсынылған іс-шараларының басым бөлігі жасырын реттеуге жатады. Мәселен, шағын және орта бизнеске өз тауарларын сипаттау арқылы интернет-сөрелерді қою талабы. Сауда және интернет-алаңдарына белгілі бір пайызда еуразиялық өндірушілердің өнімін орналастыру. Төлем сервистерін реттеуді жалпы нормаларын әзірлеу және тағы басқа талаптар».

 Бизнеске шығын әкелетін нормаларды алып тастау немесе қайта құру қажеттілігі барлық елдердің кәсіпкерлері тарапынан қолдау тапты.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары сонымен қатар құжатта ұлттық заңнамаларда жоқ терминдер – біріктірілген деректер, еуразиялық тауар, элиталық сатып алушы, ЕАЭО серіктесі және басқа да атаулар барын атап өтті.

 «Бұл терминдерге қатысты тағы да реттеу нормалары енгізіледі, демек Одаққа мүше мемлекеттердің бизнесі мен мемлекеттік органдарына қосымша ауыртпалық әкеледі. Сонымен қатар ЕЭК-тың түрлі цифрлық жобалары бойынша енгізілуге ұсынылған анықтамалықтардың сан түрлі құрылымы да үлкен мәселе. Мысалға, Тауарлар анықтамалығы кем дегенде  3 жобада (Цифрлық бақылау, цифрлық промокооперация және цифрлық сауда) жүруі керек, бірақ оның құрылымы әр жоба әр түрлі».

 Ресей Федерациясы Сауда-өнеркәсіптік палатасы өкілдері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының біріктірілген деректерді реттеу және анықтамалықтардың бірыңғай құрылымын әзірлеу туралы тармақтарды алып тастау қажеттілігіне қатысты ұсынысын қолдады. Сондай-ақ, жеке деректерге қолжетімділікті оңтайландыруға қатысты алаңдаушылық айтылды, өйткені бұл шара жалпыәлемдік тенденцияларға сәйкес келмейді.

 Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасының Ұлттық (Орталық) банктері    Жол картасынан бірыңғай төлем сервистері мен еуразиялық қаржы платформасын құру туралы тармақтарды алып тастауға табандылықпен кеңес берді.

 Негізгі себеп – елдердегі валютаны реттеу бойынша заңнамалық талаптардағы сәйкессіздіктер.

   Бизнес өкілдері және мемлекеттік органдар тарапынан сөз етілген маңызды месседже – мемлекеттер және ЕЭК өкілдері процестер мен сауданың  электронды платформаларының қатысушылары болмауы керек. Барлығы барынша нарықтық сипатқа ие болуы шарт.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер