astana-view

Қазақстанда тұқым өсіру шаруашылығын субсидиялаудың жаңа нұсқасы енгізілді

2019 жылғы 09 Қаңтар
10206 просмотров

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда тұқым өсіру шаруашылығын дамытуды субсидиялау ережелері күшіне енді (2018 жыл 15 қазан күні тіркелген). Бұл салада қандай өзгерістер бар?

Субсидиялар неге бөлінеді?

Белгілі болғандай, субсидиялау механизмі өзгерді, ауыл шаруашылығы дақылдарының кейбір түрі бойынша субсидиялаудың жаңа схемалары жұмыс істей бастады.

Бірден айталық, жаңа схема рапс, күнбағыс, жүгері, мақта, қант қызылшасының гибридтеріне, бірінші және екінші репродукциядағы мақта сұрыптарының тұқымы, элиталық жеміс-жидек көшеттері және жүзімге қолданылмайды. Бұл мәдени өсімдіктерге оларды сатып алуға кеткен шығындарды ішінара өтеу (50%-ға дейін) қарастырылған.  

Шаруа жаңа схема бойынша күзгі дала жұмыстары басталғанша элиталық және бірінші репродукциядағы тұқымды белгілі бір нормада сатып ала алады. Ал  тұқымды алғаны үшін төлемді (құнынан 30%-ды) өнімді жинап алған соң Аграрлық несие корпорациясына төлей алады.

Мұның бәрі шаруалар тұқым қорын жаңартып алуы және үшінші репродукциядан төмен тұқымдарды пайдаланбауы үшін жасалып жатыр. Ал бұл схеманың тиімділігін уақыт көрсетеді. Осы ретте тұқымдарды субсидиялауға Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде (qoldau.kz) жер учаскілерін тіркеген және цифрландырған шаруалар ғана ала алады. Тура осындай механизм минералды тыңайтқыштарды субсидиялау бағдарламасында қолданылады.

 Субсидияланатын тұқымдардың нормалары мен шекті бағасы облыстық әкімдіктердің қаулысымен бекітіледі. Осы ретте бекітілген нормалар Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған нормадан екі есе артық не төмен болмауы шарт.

 Егер жіберілген тұқымдардың (элиталық тұқымдар шаруашылығы тұқым шаруашылығы және тұқымды өткізуші) нақты бағасы әкімдік бекіткен шекті бағадан  төмен болса онда субсидияны есептеу нақты бағадан шығарылатын болады. Ал егер жіберілген тұқымдардың нақты бағасы шекті бағадан жоғары болса, онда субсидияларды есептеу шекті бағадан шығарылатын болады. Мәселен, элиталық тұқым шаруашылығы, тұқым шаруашылығы немесе өткізуші бидау тұқымының тоннасына 75 мың теңге көлемінде нақты баға белгіледі, ал әкімдіктің қаулысымен тоннасына 70 мың теңге белгіленеді – мұндай субсидия 70 мың теңге деңгейінде есептелетін болады.

Субсидиялауды рәсімдеу процедурасы 

 Субсидияны рәсімдеу процедурасы қандай? Алдымен ауыл шаруашылығын өндіруші субсидияға өтінім беріп, элиталық тұқым шаруашылығы, тұқым шаруашылығы және өткізушімен нақты алынған тұқымға келісімшартқа отырады. Өз кезегінде элиталық тұқым шаруашылығы, тұқым шаруашылығы және тұқымды өткізуші облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына осы субсидия түрін алуға өтінім береді, өтінім берген соң осы субсидияны алады.

 Тұқым өсіретін шаруашылықпен жасалған келісімшарттан соң ауыл шаруашылығын өндіруші бекітілген нормаға сәйкес тұқымды ала алады (ҚР АШМ бекіткен норма, және әкімдікпен белгіленген норма).

 Шаруа қандай мөлшерде тұқым ала алады?

 Мәселен, егер шаруаның жаздық бидайға арналған егіндік ауданы 10 мың га-ны құраса, онда тұқымды ол 1 гектарға 6,612 келі нормасында ала алады, ал екінші бөлікті (6,612 кг/га нормасы ең жоғары, әр облыста өзінің нормасы болуы мүмкін) ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы алуға болады. Осылайша шаруа 10 мың гектарға 132,2 тонна тұқымды алып, осы көлеммен 120кг/га егу нормасында көрсетілген егіндік алқабын 11%-ға дейін қамти алады. Өнімді ору қорытындысы бойынша шаруа элиталық тұқымдар немесе бірінші репродукциядағы тұқымдар құнынан 30%-ды Аграрлық несие корпорациясына қайтару керек. Мысалға 1 тонна бидайдың құны 70 мың теңге болса, корпорацияға 21 мың теңге қайтару керек. 1 желтоқсанға дейін осы төлемді жасамаған шаруалар келесі жылы тұқымды субсидиялау бағдарламасына қатыса алмай қалады, Аграрлық несиелік корпорациясы алдындағы борыш толығымен орындалуы керек.

 Элиталық тұқымдар мен бірінші репродукциядағы тұқымдарға ұсынылған нормалар

 №

Дақыл түрлері

Элиталық тұқымдар мен бірінші репродукциядағы тұқымдар нормасы, килограмм/гектар*

1

Жаздық бидай

6,612

2

Күздік бидай

10,401

3

Арпа

9,618

4

Тары

1,830

5

Сұлы

4,676

6

Күздік қарабидай

10,148

7

Тритикале

5,567

8

Күріш

13,394

9

Қарақұмық

2,547

10

Дәнді-бұршақты дақылдар

18,067

11

Соя

1,314

12

Рапс

1,365

13

Сафлор

0,957

14

Зығыр

1,922

15

Күнбағыс

1,051

16

Қыша, басқа да майлы дақылдар

0,537

17

Картоп

830,619

18

Біржылдық шөптер

10,117

19

Көпжылдық дақылды шөптер**

15,600

20

Көпжылдық бұршақты шөптер**

20,800

  Ескертпе:

      * норманы есептеуде сақтандыру қоры ескерілді (30 %);

      **көпжылдық дақылды шөптерді өсірудің ең төмен кезеңі – 10 жыл, көпжылдық бұршақты шөптер мерзімі – 5 жыл екені ескерсек, көпжылдық дақылды шөптер үшін 1/10 бөлігі (10%) мөлшерінде, көпжылдық бұршақты шөптер үшін 1/5 бөлігі (20%) мөлшерінде  сұрыптарды жыл сайынғы жаңарту қажет етіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер