«Атамекен» кәсіпорын жетекшілеріне арналған «Іскерлік байланыс» жобасына өтінім қабылдауды бастады
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлерде жоғары және орта буындағы жетекшілердің біліктілігін арттыру мақсатында «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының «Іскерлік байланыс» жобасы бойынша оқуға өтінім қабылдауды бастады.
Оқу курстары Қазақстан Республикасының барлық өңірінде 2019 жыл мамыр-қазан аралығында өтеді. Жоба екі кезеңнен тұрады.
Оқытудың бірінші кезеңі ел ішінде жүзеге асады. Қатысушылар бизнес-тренингтерден өтіп, бизнес-жоспарды әзірлеу, шетелдік және отандық бизнес-тренерлердің жетекшілігімен жеке кәсіпорындарын дамытуға қажетті білім мен машықтарды игереді.
Екінші кезеңде Жоба қатысушылар үшін шетелде бизнес-тағылымдамадан өту, сонымен қатар шетелдік әріптестермен іскерлік байланыс орнату қарастырылған.
Жобаға қатысуға қойылатын талаптар:
- Кәсіпорын шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесіне жатады;
- Кәсіпорынның қазіргі қызметі Экономиканың басымдыққа ие секторлары тізбесіне сай келеді (Бағдарламаның 2-қосымшасына сәйкес)
- Қатысушының қызметі – кәсіпорын жетекшісінің орынбасарынан төмен болмауы керек.
Толық ақпарат алу үшін Өңірлік кәсіпкерлер палаталары, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары немесе «Атамекен» ҚР ҰКП Өңірлік даму департаментіне хабарласу керек: 8 (7172) 919 347.
Байланыс-орталығы: кез келген қаладан: 1432 және Қазақстан бойынша 8-800-080-80-10 (кез келген қаладан тегін).
Пікір қалдыру:
Пікірлер: