astana-view

ЕАЭО кеңістігіндегі бизнес барысындағы кедергілерді «Атамекен» алаңында қарастыратын болды

2019 жылғы 28 Қаңтар
3175 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП  ұсынысымен Евразия  экономикалық одағы ішкі нарығындағы бизнес аясында кездесетін келеңсіздіктерді жылдам шешу мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП ішінен Келісім комиссиясы құрылды.  Келісім комиссиясы құрамына ҚР Парламент Мәжілісі депутаттары, Вице-министрлер мен ҚР басқада құзырлы органдарының және «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері кірді.

Бұл алаңда түйіткілді мәселелер қозғалып қана қоймай, ЕАЭО аймағындағы отандық кәсіпкерлерге тиімді оң шешімдер шығарылмақ.

25 қаңтар күні «Атамекен» ҚР ҰКП  алаңында  аталмыш комиссияның алғашқы отырысы болды. Бұл жиында арнайы комиссияның жұмыс бағыттары талқыланды.

Отырысқа қатысушылардың шешімімен   Келісім комиссиясының Төрағасы ретінде ҚР Ұлттық экономика  Вице-министрі Серік Жұманғарин сайланды.

Келісім комиссиясының басты міндеттерін анықтап алған соң мынадай мәселелер талқыға салынды:

- Ресей арқылы Қазақстанға келетін АҚШ құс етін өндірушілерінің өнімдеріне салынған уақытша шектеу мәселесі;

- ЕАЭО арасындағы сауда-саттық кезінде отандық тауарларды экспорттаушылардың ҚҚС төлеу кезіндегі міндеттері жайлы;  

- Ресей  Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы «Сырым» шекара бекетіндегі мәселе;

ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің вице-министрі Гүлмира Исаеваның айтуынша Ресей арқылы келетін құс етіне қойылған шектеу мәселесі оң шешімін тапқан.  2018 жылдың қараша айында бекітілген уақытша шектеу өз күшін жойып,  АҚШ құс етін өндірушілер өнімін елге әкелуші кәсіпкерлер 2019 жылдың 21 қаңтарынан бастап өз шаруаларын әрі қарай дөңгелете бермекші.

Тасымал барысында Ресей тарапынан қойылған мына екі талап сақталуы тиіс:

– құс етін тасымалдаушы кәсіпкерлер «Меркурий» жүйесіне өз ақпараттарын енгізуі тиіс. Бұл жүйе арқылы олар өнімнің нақты қайда жеткізілетінін бақылай алады;

– уақытша сақтау және жүкті басқа көлікке арту мәселелері Евроодақ кәсіпорындарында, яғни, ЕАЭО аясында аттестациядан өткен мал етін сақтаушылар ғана болуы шарт.

«Қазақстан азық-түлік одағы 2030» Заңды тұлғалар бірлестігі өкілі өз кезегінде ҚР Ауылшаруашылық министрлігіне және  «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдеріне туындаған мәселелерді тиімді шешкендері үшін өз алғысын білдірді.

Күн тәртібіндегі басқа да қордаланған мәселелерді ҚР мемлекеттік  органдарымен бірлесе отырып, қажеттілігіне байланысты терең талдаулар жасалатыны айтылды.

Алқалы жиын соңында, отырыс қорытындысы ретінде  Комиссия Төрағасы тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берді. Жиынға келушілер «атамекеннің» бұл қадамына оң көзқарастарын білдіріп,  дәл осы форматта әрі қарай да жұмыс жасалына беру керек екенін тілге тиек етті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер