astana-view

Кассалық-бақылау машиналары мәселесі талқыланды

2019 жылғы 01 Ақпан
922 просмотров

«Күлтөбенің басында күнде жиын». «Атамекен» алаңында  шағын және орта бизнес өкілдерінің ақпараттарды тіркеу функциясы бар  кассалық-бақылау машиналарға көшу және электронды есеп фактурасын беру.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев талқыға салатын мәселелерді атап өтті. Сонымен,бизнес өкілдерінің  ақпараттарды тіркеу функциясы бар кассалық-бақылау машиналарға көшу және электронды есеп фактурасын беру барысындағы мәселелер көпшіліктің талқысына түсті.

Қызу талқыланған мәселелрдің бірі шағын және орта бизнес өкілдерінің салық төлеу  жүйесі болды. Яғни, патентті төлеу мен жеңілдетілген (упращенка) төлем жүйелеріндегі кей мәселелерге көз жұма қарауға болмайтындығы.

«Жеңілдетілген жүйе бойынша төлемдерге қоса төленетін әлеуметтік төлемдер, тағы да басқа төлемдердің барлығын бір ғана төлемге сидырған дұрыс. Міндетті электронды есеп фактрурасы бойынша жұмыс істеу кәсіпкерлерге тиімсіз. Яғни, шағын дүкені бар кәсіпкер күні бойы сауда жасап, сатылған тауарларын ЭЕФ беріп отыра алмайды. Сәйкесінше ол бухгалтер қызметіне жүгінетін болады. Осылайша біз кәсіпкерлер есебінен үшінші тұлғалардың күн көруіне жол ашамыз»,- деді «Қазақстанның тәуелсіз автосауда Одағы» өкілі Жаркенов Тимур.

Расында да, кәсібін жаңа бастаған жас кәсіпкерге касса аппаратын алу, ЭЕФ қолданысқа енгізетін болса компьютер алу тиімсіз. Ал, бұл жағдайды шешуге ыңғайластырған мобильді қосымшаны пайдаланғанның өзінде оның чегін шығарып беру үшін кәсіпкерге принтер алу керек.

Мінекей, осындай қордаланған мәселелер жақын күндері өз шешімін тауып, кәсіпкерлерге ыңғайлы жағдай жасалады деп сенеміз.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан бойынша барлық бизнес-субъектілер арасында сауалнама жүргізуді бастаған болатын.  "Аtameken Services" порталына тіркелу арқылы кәсіпкерлер көкейіндегі сұрақтарды қойып, дәл осы портал арқылы жауап ала алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер